Атырау, 5 қараша 18:09
 дождьВ Атырау +12.2
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53

Түрмеге апарар жол да тарылып бара ма?

94 рет қаралды
Атырау тергеу изоляторы, көрнекі сурет
Атырау тергеу изоляторы, көрнекі сурет

Атыраудағы ерлерге арналған түзеу колониясы мен тергеу изоляторына апаратын жолдың шұңқыры биыл бітелген. Бұл туралы «Ақ Жайық» тілшісінің сауалына қала әкімінің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан жауап берді. Алайда, бұл жолдың қазіргі жағдайы көп сауал туындатып отыр.

Жақында жолдың тарлығына назар аударған жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде оның сапасына сын артты. Жол жиектері әбден бүлінген, екі көлік қатар жүруі қиын десті олар. Осы жолдың мәселесі бойынша қала әкімдігінен жолдың қашан жөнделетінін сұрағанбыз. Одан бөлек, бюджеттен оған қанша бөлінгені де қызықтырды.

Еркеназ Қалижанның жауабына сәйкес, қала іргесіндегі Тасқала ауылы, Атырау мұнау өңдеу зауытының өнеркәсіптік аймағы, 1-станция мекенжайында орналасқан ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №157/9 мекемесіне (ерлер колониясы) апаратын автомобиль жолы қашан салынғаны белгісіз. Ондай ақпарат әкімдікте жоқ. Белгілісі, бұл жолдың жөндеу көрмегеніне көп болған.

Қала әкімінің баспасөз хатшысының сөзінше, оған «қаланың аумағы мен оған қарасты елді мекендердің кеңеюіне байланысты жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы себеп болған».

Оның айтуынша, шұңқырларды бітеу жұмыстары биыл 9 тамызда жүргізілген. Жұмысты «АйтКар» ЖШС мекемесі атқарған. Мердігер жұмысына жергілікті бюджеттен қанша қаражат бөлінгені туралы ақпарат әзірге жауапсыз қалды. Жолды жөндеу жұмыстары жоспарда жоқ. Оған бюджеттен қаржы қарастырылмаған.  

- Қазіргі уақытта аталған автомобиль жолына қатысты бекітілген немесе әзірленіп жатқан жобалық-сметалық құжаттама жоқ. Алдағы уақытта тиісті қаржы қарастырылған жағдайда, аталған жол учаскесі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарына енгізіліп, жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі қарастырылады, - деді Е.Қалижан. 

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.