Атырау, 27 желтоқсан 17:45
 ашықВ Атырау -4
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Көлік оқиғасының бас кейіпкері

2 304 просмотра

– Біреудің кінәсінен әлденеше рет жол-көлік оқиғасына қатысушы болдым. Кінәлілер көлігімнің бүлінген жерлерін жөндеп, боятып береді. Бірақ дәл өзінің түсін таба алмайды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адамнан көлікті толықтай бояу ақысын талап ете аламын ба?

Владислав Ким

Заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА жауап береді:

«ҚР Азаматтық кодексінің 917-бабына сәйкес, мүлiктiк игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

ҚР Азаматтық кодексінің 934-бабына сәйкес, зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, сот iстiң мән-жайына сәйкес зиян үшiн жауапты адамды келтiрген зиянды толық өтеуге немесе оны заттай өтеуге (тегi мен сапасы нақ сондай зат беруге, бүлiнген затты жөндеуге және т.б.) мiндеттейдi.

Сұрақтан жол-көлік оқиғасы жол полициясы органдарында тіркелген бе, жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік сот қаулысы бар ма, аталмыш тұлғалардың жол-көлік оқиғасына кінәлі екені дәлелденген бе, зиянды өтеу қандай тәртіппен жүргізілгендігі түсініксіз боп отыр. Тұлғаның айыбын растайтын құжаттар болса, сіз оқиға нәтижесінде тигізілген зиянды толықтай өндіру, соның ішінде көлік бояуының сапасын қалпына келтіру үшін үстеме ақыны өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқылысыз. Егер апатқа кінәлі өз кінәсін мойындамаса, сізде сол тұлғаның зиян тигізгендігін дәлелдейтін қажетті құжаттарыңыз, дәлелдеріңіз болмаса, сот сіздің талап арызыңызды қанағаттандырудан бас тартуы мүмкін.

14 шілде 2011, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.