Атырау, 27 желтоқсан 17:14
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Көмекшінің лицензиясы болуы керек

2 945 просмотра

– Жеке сот орындаушысы әлдекімдерді көмекші немесе сынақ мерзімінен өтуші ретінде жұмысқа тартуға құқылы ма? Жеке сот орындаушысының көмекшісінің арнаулы лицензиясының болуы тиісті ме?

Телефон  арқылы

Біз сауалға жауапты  Әділет министрлігінің ақпараттық-құқықтық қызметінен алдық:

ҚР «Сот орындаушыларының мәртебесі және атқару өндірісі туралы» Заңының 156-бабына сәйкесті жеке сот орындаушысы көмекші мен сынақ мерзімінен өтушіні жұмысқа алуға құқылы. Жеке сот орындаушысының көмекшісі қызметін осы аталған қызметке лицензиясы және жоғары заңгерлік білімі бар Қазақстан Республикасының  азаматы атқара алады. Сынақ мерзімінен сот орындаушысы болып кем дегенде үш жыл жұмыс істеген, оның ішінде бір жылдан кем емес уақытта жеке сот орындаушы лауазымын атқарған адам өте алады. Жеке сот орындаушысы бір уақытта екі сынақ мерзімінен өтушіні жұмысқа алуға құқылы. Сынақтан өту мерзімі мен талабы, тәртібі республикалық жеке сот орындаушылар алқасының өкілетті органдардың келісімі бойынша бекітілген ереже арқылы белгіленеді. Жеке сот орындаушыларының сынақ мерзімінен өтуші мен көмекшісінің құқықтары мен міндеттері еңбек шарттары бойынша анықталады.

30 маусым 2011, 19:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.