Атырау, 10 қараша 20:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Бұл бала мұраға құқылы

3 036 просмотра

– Менің ата-анам кішкентай кезімде ажырасып кеткен. Әкемді тіпті, ата-аналық құқығынан айырған. Жақында әкем қайтыс болды. Оның артында әке-шешесінен қалған үш бөлмелі пәтері қалды. Сол пәтерге бірден әкемнің қарындастарының бірі көшіп келді, мен де бұл пәтерге қатысты өз құқымның бар екендігін  айтуға тырысқанымда, ол маған әкемнің ата-аналық құқығынан айырлығандығын дәлел ретінде алға тартты. Анам менің олармен байланыспағанымды қалайды, алайда, мен әкемнің бізге еш уақытта көмектеспегендігінен бұл іске барып отырмын.  Әкемнің мұрасынан иеленуге менің құқығым бар ма?

Телефон арқылы

Сауалға қалалық соттың судьясы Айдарбек ДҮЙСЕБАЛИЕВ жауап береді. Бұл жігіт марқұмның баласы ретінде сөзсіз мұраны иеленуге құқылы, оның үстіне ол бірінші кезектегі мұрагер болып табылады. ҚР Азаматтық кодексінің 1061-бабына сәйкесті заң бойынша бірінші кезекте  мұрагер болу құқығын алдымен кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немерелері мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұраға құқылы. Ал, ағалары- інілері, апа – қарындастары, атасы мен әжесі екінші кезектегі мұрагерлер болып табылады. 1062-бапта егер бірінші кезектегі мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екінші кезекте мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі - тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының бір әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарының (сіңлілерінің) балалары (мұра қалдырушының немере іні-қарындастары, жиендері) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.

Ал, енді оның әкесінің ата-аналық құқығынан айырылуына келетін болсақ, бұл жағдай оны ата-аналық міндетінен, мәселен, алименттен төлеуден босатпайды. Демек, жас жігітке нотариусқа батыл барып,  мұрагерлікке өз құқығын мәлімдеуіне  әбден болады. Егер әкесінің мұрагерлікті қабылдау мерзімі өтіп кеткен болса, онда ол сотқа жолығуы керек.

27 сәуір 2011, 20:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.