– Азаматтық некеден сәбиім бар, ол менің фамилиямда (біз АХАТ-тан әкелікті анықтау процедурасынан өттік). Уақыт өте сәбидің анасы хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Бұл туралы сот шешімі бар. Бұл жағдайда сәби асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға үміткер бола ала ма? Егер бола алса, қайда хабарласу қажет? Маған сәбиге қамқоршы болуды рәсімдеу керек пе?
Телефон арқылы
Сұраққа Мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығының (МЗТО) заңгері Рысты ҚАЛИЕВА жауап береді:
– Әкесіне, егер сәбимен туысқандық қарым-қатынасы сәби дүниеге келген кезде ресми түрде рәсімделген болса және оның туу туралы куәлігінде оның аты-жөні көрсетілсе, онда қамқорлықты рәсімдеу қажет емес. Ол онсыз да сәбидің ресми өкілі боп табылады. Анасы жоғалып кеткендігі туралы соттың шешімі бар болса, сәбиге асыраушысынан айырылуына байланысты айына 11 510 теңге мөлшерінде жәрдемақы тиесілі. Жәрдемақыны рәсімдеу үшін мекен-жай бойынша МЗТО-ға хабарласу керек. Өзіңізбен бірге: жеке бас куәлігі, ӘЖК, СТН, сәбидің туу туралы куәлігі, үй кітабы немесе мекен-жай анықтамасы болуы керек.