Атырау, 31 қазан 12:53
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Бейнетаспаны көруіме бола ма?

2 842 просмотра

-Баймұханов көшесінде мені жол полициясының қызметкері ұстап алды. Рация арқылы оған жедел басқару орталығынан менің көлігім реттелмейтін жаяулар өткелінен жүргіншіні өткізбеді деп хабарлапты. Мен шынымен осы өткелден өттім, бірақ алдын ала бүкіл жаяу жүргіншілерді өткізген едім. Жол полициясының қызметкері орталыққа рациямен хабарласып, жағдайды түсіндірді. Бірақ ондағылар менің машинам сол жақ жолақта тұрып орнымнан қозғалған кезде, жолдың оң жағынан жаяу жүргіншілер қозғала бастаған деді. Мен жедел басқару орталығының қосынына барғым келген, алайда қызметкер қазір жүргізушілерге бейнежазба көрсетілмейтіндігін, әуелі ол хаттаманы рәсімдеуі қажеттігін, содан кейін онымен дауласа алатынымды айтты. Осыған байланысты менде бірнеше сұрақтар туындады: менің ереже бұзған-мыс бейнежазбамды көруге құқығым жоқ екені рас па? Бұл менің құқығымның бұзылғаны деп есептелмейді ме? Егер МАИ қызметкері ереже бұзды деп жүргізуші куәлігімді «чиптеп» тастаса, мен рәсімделген хаттамаға қалай дауласа аламын? Неліктен орталық қызметкері жаяу жүргіншілерді – жол қозғалысына қатысушыларды ереже бұзушылар ретінде қарастырмайды?

ІІД ЖПБ бастығы Берік АМАНГЕЛДІНІҢ қолы қойылған жауапта айтылғандай, «жедел басқару орталығына тіркелген жол қозғалысы ережесін бұзған кезде қалауыңызша бейнежазбаны көруге құқылысыз». Яғни, автоинспектор сізге жалған айтқан боп шықты. Әрі қарай, «егер жазбаны қарағаннан кейін ереже бұзушылықпен келіспейтін болсаңыз, онда хаттаманы даулау үшін әкімшілік сотқа жүгінуге құқылысыз. Егер сіздің құқығыңызды ЖПБ қызметкерлері шектейтін болса, сіз кез-келген уақытта 30-20-21, 30-02-68 телефондарына қоңырау шала аласыз. ЖПБ жедел басқару орталығымен бірге күн сайын жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін анықтап, оларға белгіленбеген жерде жолды кесіп кеткені үшін әкімшілік хаттама толтырады».

9 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.