Атырау, 27 желтоқсан 17:02
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Пәтеріңді кепілге салсаң – бәріне дайын бол

2 567 просмотра

- Банк несие бойынша борышкер болғандарды кепілдікке салынған пәтерден соттан тыс тәртіп бойынша мәжбүрлеп шығаруға құқылы ма? Егер кепілдікке салынған пәтерде жастары кәмелетке толмаған балалар тіркеліп, тұрып жатса және ол пәтер отбасының жалғыз ғана жылжымайтын мүлігі болып табылса не істеуге болады? 

Сауалға «Эксперт» заңгерлік компаниясының заңгері Дмитрий Винюков жауап береді:

- Қолданылып жүрген заңнамаларда жалғыз болып есептелетін кепілге қойылған тұрғын үйді  өндіртіп алу талабына тыйым салатын нормалар жоқ. Сондықтан да жалғыз болып есептелетін тұрғын үйді өндіртіп алу өтініші туралы сот шешімдерін шығаруға жол беріледі. Банк кепілге салынған мүлікті егер ол талап кепілдік келісім-шартында қарастырылған болса, сот органдарына шағымданбастан мәжбүрлі түрде соттан тыс тәртіп бойынша алып қоюға құқылы.

Соттан тыс тәртіп бойынша мына жағдайларда жүзеге асыруға жол берілмейді, егер:

- жылжымайтын мүлікті ипотекалық несиемен алу үшін басқа тұлғаның немесе органның келісімі талап етілсе және ондай келісім алынбаса;

- қоғам үшін тарихи, көркем немесе мәдени құндылығы бар жылжымайтын мүлік ипотекалық несие құралы болып табылса;

- жалпы меншік иелігіндегі жылжымайтын мүлік ипотекалық құрал болып табылса және оның меншік иелерінің біреуі соттан тыс тәртіп бойынша кепілдік ұстаушының талабын қанағаттандыруға жазбаша келісімін бермеген болса, онда осы кепілдік мүлікті өндіріп алу жағдайында тек соттың шешімімен ғана шеше алады.

Сот тәртібі борышкер үшін оның өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін береді. Өйткені, қолданылып жүрген заңнамаларда егер сот тәртібі бойынша кепілдік келісім-шарты заңды емес деп танылған жағдайда немесе кепілдік құнының сәйкессіздігі және негізгі міндеттер айтарлықтай бұзылған жағдайда кепілдік мүлікті өндіртіп алуға соттың бас тартуы мүмкін екендігі қарастырылған. Сот тек көрсетілген жағдайда ғана кепілдік мүлікті өндіртіп алу өтінішінен бас тартуға құқылы. Бас тарту үшін бұдан басқа негізді қолданылып жүрген заңнамалар қарастырмайды. Бұдан басқа, кепілдік алушы азамат дәлелді себептері болған жағдайда кепілдік мүлікті өндіртіп алу шешіміне бір жыл мерзімге уақыт сұрап, сотқа өтініш жазуына болады. Сонымен бірге бұл берілген мерзім борышкерді оның бережағын өтеу міндетінен босатпайтындығын ескеру керек.

23 маусым 2011, 00:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.