- Жақында менің бұрынғы күйеу балам тұтқынға алынды. Ол мінген көліктен тыйым салынған заттар табылған. Оны қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркеген. Алайда көлік маған тиесілі, ал ол тексенімхат бойынша басқару құқығымен ғана жүргізіп жүр. Машинаны маған ақыры қайтармады, ал алу хаттамасының көшірмесін бұрынғы күйеу балама берген. Оның үстіне, тергеуші Бектұрғанов маған машинаны тексеріп шығуға, оның дұрыс күйде екеніне көз жеткізуге бермеді, заттай дәлелдеменің жағдайы – спидометрдің көрсеткіші, бензин мөлшері, майысқан жерінің бар-жоғы туралы куәландыратын ешқандай құжат бермеді. Алайда бұған менде қала прокурорының қолы қойылған тиісті хаты бар. Маған оны дұрыс күйде қайтаратындығына кепілдік бар ма?
Соколова Е. Н.
«Maximum» адвокаттық кеңсесінің аға серіктесі Айдос ИБРАЙЫМОВтүсінік береді: «ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 121-бабының 2-ші және 3-ші тармақтарына сәйкес, «заттай дәлелдемелер қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қоса тiгiледi және үкiм немесе iстi тоқтату туралы қаулы заңды күшiне енгенге дейiн сонда болады. Қылмыстық жолмен жиналған ақша мен өзге де құндылықтар, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік және контрабандалық заттар соттың үкiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне қаратылуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал соңғылары анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне көшедi. Бұл заттардың тиесiлiлiгi туралы дау туған жағдайда бұл дау азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешуге жатады.
ҚР ҚІК 234-ші бабының 4-ші тармағында «тiнту немесе алу хаттамасының көшiрмесi олар жүргiзiлген адамға қолхат алынып тапсырылады» деп көрсетілген. Біздің жағдайымызда тінту жүргізілген тұлға машина жүргізушісі боп табылады, яғни, сіздің бұрынғы күйеу балаңыз, сондықтан да оған хаттама көшірмесін берген. Сіздің көлігіңіз «мақсатсыз» және сіздің келісіміңізсіз пайдаланылғандықтан, сізге заңды иесі ретінде көлігіңізді қайтарады. Көлікті беру туралы мәселе сот үкімінде немесе істі тоқтату туралы қаулыда айтылатын болады.
Қала прокурорының үкімін орындамау фактісі бойынша сізге қайтадан қала прокурорына, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін органның басшылығына немесе сотқа шағымдануыңыз керек».