Атырау, 27 желтоқсан 00:58
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Адвокатпен де келісім-шарт жасасу керек

4 218 просмотра

– Сәтбаев даңғылы бойындағы қалалық сотта кезекші адвокат ақылы кеңестер жүргізіледі. Бірақ, келушілерге не түбіртек, не чек берілмейді. Адвокат неліктен өз қызметін еш  рәсімдеусіз жүргізіп отыр? Және екінші сауал: мен осы адвокатқа  қызымның бұрынғы күйеуінен жастары кәмелетке жетпеген балаларына  алиментті төлеттіру үшін  2 мың теңгені төлегенде сақтық шараларын ойластырмай қалған сияқтымын. Адвокат болса, өз міндетін орындамады, ол аз дегендей, бұрынғы күйеу баламның жұмыс істейтін кәсіпорынына оның қашан баратындығын сұрағанымда, ол маған баруға кеңес берді. Әдетте, бұл адвокаттың өз міндеті  болып есептелмей  ме?

Телефон арқылы

Облыстық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Нұрман ТҰХПАТОВТЫҢ айтуынша, күн сайын қалалық сотта облыстық адвокаттар алқасының мүшелері - адвокаттардың бірі кезекшілік атқарады. Олар ақылы қызмет жасайды, қызметтерінің сыйақы мөлшері екі тараптың келісімі бойынша белгіленеді. Сыйақы алған адвокат клиентке түбіртек беруге міндетті.  Түбіртек берілмеген жағдайда клиентке адвокаттар алқасына шағымдануына болады. Ол шағымында міндетті түрде нақты сол күнгі кезекшілікте болған адвокаттың аты-жөні көрсетілуі тиіс. «Бізде қызметтер бағасы көрсетілген тізбе бар, дегенмен, әрбір нақты жағдайда сыйақы мөлшері істің қиындығына байланысты болады. Біз барлық адвокаттардың қолына бағатізбені бердік және олардың оны клиентке таныстыруға тиісті екендігін ескерттік»,-деп хабарлады Нұрман Тохпатов. Ондай бағатізбенің адвокаттар қабылдау жүргізетін бөлмеде барша жұртқа көрінетін жерге неге ілінбейді деген сауалымызға ол мұна ғимараттың қалалық сотқа қарайтындығы себепті өз хабарландыруларын ілуге болмайтындығымен түсіндіреді.  Қалалық сот төрағасының міндетін уақытша атқарушы Анжелика ІЗТІЛЕУОВА бұл тұрғыда ешқандай кедергінің болуы мүмкін емес деп есептейді: «Адвокаттар алқасы кез-келген уақытта қалалық сот төрағасының атына өздері қабылдау жүргізіп отырған бөлмеде бағатізбені ілуге рұқсат сұраған хат жазуына болады. Олардың бұл өтінішінен ешкім де бас тартпайды».

Екінші мәселеге келетін болсақ, Н.Тохпатовтың пікірінше, клиент адвокатты дұрыс түсінбеген болуы керек. 2 мың теңге тек кеңес алғаны үшін төленген ақы болуы мүмкін. Адвокатты жалдау үшін онымен келісім-шартқа отыру керек.

28 шілде 2011, 22:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.