- Осыдан үш жыл бұрын күйеуім 10 жастағы қызына пәтерді сыйға тартты. Ол пәтерді біз некелескен кезде сатып алған едік, пәтерді қызмыздың атына рәсімдегеніне мен қарсы болған жоқпын. Енді біз ажырасып жатырмыз, күйеуім болса, мүліктің бәрін соның ішінде қызына сыйға тартқан пәтерді де бөліске салғысы келеді. Ол мүліктің барлығы ортақ деп есептейді. Қызымның жасы әлі кәмелетке жете қойған жоқ және біз сол пәтерде тұрып жатырмыз. Сыйға берілген пәтерді бөлуге бола ма?
Телефон арқылы
Сауалға «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЁВА жауап береді.
- «Неке және отбасы туралы» Заңының 58-бабына сәйкес, баланың өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiбiмен алған кiрiстердi, мүлiктi, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiктi меншiктенуге құқығы бар. Өз кезінде ерлі-зайыптылардың келісімімен жасалған сыйға тарту келісім-шарты негізінде сыйға тартқан пәтеріне өз меншік құқығын тоқтатты. Бүгінгі таңда бұл пәтер ата-аналарына тиесілі емес, сондықтан да ол некелескен кезде бірге алынған мүлік болып есептелмейді. Осылайша сіздің күйеуіңіз бірге сатып алған мүлік ретінде бұл пәтерді бөлуге құқылы емес.
«Неке және отбасы туралы» заңының 58-бабында сондай-ақ, былай деп көрсетілген, баланың ата-ана мүлкiне меншiк құқығы болмайды, ата-ананың баланың мүлкiне меншiк құқығы болмайды. Бiрге тұратын балалар мен ата-аналар бiр- бiрiнiң мүлкiн өзара келiсiм бойынша иеленiп, пайдалана алады деп көрсетілген.
Түйіндеме. Егер жұбайыңыз қызына сыйға тартқан пәтерін бөлу туралы сотқа талап арыз берген болса, онда сот сіздің қызыңыздың жасының кәмелетке толмағандығына және сіздің бірге тұрып жатқандығыңызға қарамастан кез-келген жағдайда пәтер тек кәмелетке жетпеген қызыңыздың ғана меншік құқығында болатындығын негізге алады.