Атырау, 19 сәуір 08:14
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Есеппен ажырасу

3 131 просмотра

– Әйелім айқай шығарып, баламды алып, шешесінің үйіне кетіп қалды. Ол алимент алу үшін шағымданған, сот болса мән-жайдың анық-қанығына жетпестен, оның талабын қанағаттандырды. Міне, екі ай болды әйелім баламды менен жасырып, екеуміздің кездесуімізге кедергі келтіріп  келеді.  Мен алиментімді адал төлеп отырмын. Бірде мен олардың баламды көрсетпеуге тырысқан амалдарына қарамастан, үйлеріне барғам. Енем болса, полиция шақыратындығын айтып үйлерінен қуып шықты. Мен маған жеке тәрбиелеу тәртібін тағайындау жөнінде сотқа арыз бердім. Әйелім ажырасуды қаламайды, бірақ алимент алғысы келеді. 17-маусымда ажырасуға арызды өзім бердім. Айтыңыздаршы, аптасына бірнеше рет уақытымды баламмен бірге еш жанжалсыз, заңды түрде өткізуді  қалай ұйымдастыруыма болады?

Ғалымбек

Сауалға «Слово защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЁВА жауап береді: «Неке-отбасы заңнамаларының нормаларына сәйкес ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті және басқа тұлғалар алдында балаларын тәрбиелеуде басымдық құқыққа ие.

Берілген сауалдан түсінікті болғанындай, балаға алиментті алып отырса да әйелі әкесі мен баласының кездесуіне кедергі келтіруде. Демек, әкесі өзінің ата-аналық міндетін орындап отыр, бірақ, баласымен кездесуге және оны тәрбиелеу құқығына ие бола алмай отыр.

«Неке және отбасы туралы» заңының 60-65 бабына сәйкес, ата-аналар өз балаларына қатысты (ата-аналық құқы) тең құқықты және тең міндетті болып есептеледі.  Баласынан бөлек тұратын ата-ана баламен қарым-қатынас жасауға, оның тәрбиесіне және баланың білім алуына қатысты мәселелерді шешуге құқылы. Баламен бірге тұратын ата-ана баланың басқа ата-анасымен кездесуіне егер баланың денсаулығына психологиялық немесе физикалық зиян келтірмейтін болса, баламен  қарым-қатынас жасауына кедергі келтірмеуге тиісті.

Бұл жағдайда сізге баланы тәрбиелеу бойынша ата-аналық құқықты жүзеге асыру тәртібі туралы сотқа талап арыз беруіңізге болады. Онда әйеліңіздің баламен қарым-қатынас жасауыңызға кедергі келтіретіндігін және баламен кездесу уақыты мен орынын көрсетуіңіз керек.

Талап арызда көрсеткен Сіздің дәлелдеріңізді растау үшін және баламен қарым-қатынас кезінде оның денсаулығына, жүйкесіне ешқандай зиян келтірмейтіндігіңізді растау үшін сіз талап арызға тұрақты жұмыс орныңыздың бар екендігін және еңбекақы алатындығыңыз, баланың тәрбиесімен байланысты алименттер мен басқа да шығындарды төлеп отырғандығыңыз, жұмыс орыныңыздан мінездеме, жүйке неврологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтындығыңыз туралы анықтаманы, сондай-ақ, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығыңыз жөніндегі анықтамаларды бірге тіркеуіңіз керек. Сондай-ақ, сіз әйеліңіздің балаңызбен кездесуіңізге кедергі келтіріп отырғандығын көріп-білетін адамдарды сотқа алып келуіңізге болады. Сіздің өтінішіңіз бойынша оларды сот куәгер ретінде сот мәжілісіне қатыстырып,  сауал қоя алады. Одан әрі сот  сіздердің араларыңыздағы дауды көптеген факторларды, мәселен, баланың пікірі, оның ата-анасының қайсысына жақындығын ескеретін болады. Сондай-ақ, бұл дауды шешу барысында аса маңызды емес жағдайлар, мәселен, жеке тұратын ата-анасы баламен қанша уақыт болады, оны баланың жасына, ата-аналарының адамгершілік және басқа да жеке бастарының қасиеттеріне, қандай жұмыс жасайтындықтарына, жұмыс режиміне, ата-аналарының материалдық жағадайы және олардың балаға қандай жағдай туғыза алатындығына назар аударылады.

Осы аталғандардың бәрін тізбелей отырып, сот сізге баламен аптасына неше рет кездесетіндігіңізді және сіздердің кездесу орындарыңызды белгілеп береді. Егер зайыбыңыз сот шешімі күшіне енсе де сізден балаңызды жасыратын болса, яғни, сот шешімін орындаудан жалтарса, онда сіз сот орындаушымен бірлесе отырып, заңда қарастырылған шараларды қабылдай аласыз».

11 тамыз 2011, 20:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.