– Меншік иесі, егер онымен ПИК арасында келісім-шарт жасалмаған болса, пайдалану шығындарын төлеуге міндетті ме? ПИК міндетіне не кіреді, біз қандай қызметтерді талап етуге құқылымыз?
azh.kz сайтынан
Сұраққа Атырау қаласының ПИК қауымдастығы төрағасының орынбасары Гүлнар САЛИХОВА комментарий береді:
– ПИК-пен келісім-шарт рәсімдеу міндетті емес.Бірақ егер үйге ЖШС, ЖК немесе басқа жалдамалы құрылым қызмет көрсететін болса, келісім-шарт міндетті («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 42-бабы).
Жалпы жиналыста бекітілген міндетті шығындар тізбесін барлық пәтер иелеріне жеткізу ПИК міндеті боп табылады. Соған сәйкес, пайдалану шығындары үшін ай сайын алымдар жүзеге асырылып отырады. Тізбе - іс жүзіндегі смета. Мұны тұрғындардың өздері жалпы жиналыста қайта қарай алады. Төраға немесе басқа біреу кооперативтің меншік иелерімен келіспей, осы тізбеге өзгеріс енгізуге құқылы емес.
Пәтердің (үй-жайдың) меншік иесі кооперативінің жалпы үй мүлігін ұстау және пайдалану шығындары бойынша міндетті жұмыстар тізбесі:
1. Тұрғын-жайды күзгі-қысқы, жазғы маусымға дайындау жөніндегі барлық жұмыстар: подъездердегі сынған әйнектерді ауыстыру және есіктерді жөндеу; жертөлелерді тазарту.
2. Ыстық және салқын сумен қамту, жылыту және канализация жүйелеріне техникалық қызмет көрсету: а) жылыту жүйесін тексеру; б) жылыту жүйесін қосу және ажырату (күзде, көктемде, апатты жағдайда, режимдік); в) жылыту жүйесін тоқтатып қою (көктем), консервация кезінде жылыту жүйесінің жағдайын тексеріп тұру; г) іске қосылғанда және режимі өзгергенде жылыту жүйесін реттеу; д) жылыту жүйесіндегі шамалы ақауларды жөндеу (тұрба құбырларын изоляциялаудың зақымдалған және қалған учаскелері, су аққан жерлерді бітеу, соның ішінде бұрандалы жалғанған жерлердегі, балшық өткізбейтін тетікті, бекітпе және реттегіш арматураны қақтан және тұз қыртыстарынан тазалау, босаған тіректерді бекіту, арматураның төсеніштерін ауыстыру; е) жылу маусымы алдында жүйенің суын толтыру. Жылыту жүйелерін гидравликалық әдіспен шайып жуу;
3. Сантехникалық жұмыстар (қызмет көрсету меншік иелерінің тұрғын-жайындағы жалпы үй қадаушаларындағы (стояк) ойыққа дейін жүргізіледі): а) ортақ қадаушалардың канализациясын тазарту; б) жертөледегі канализацияны тазарту, 1-ші құдыққа дейінгі жерді қосқанда; в) нөсер канализациясының қадаушаларын тазарту (бар болған жағдайда); г) бұрандалы жалғанған жерлердегі су аққан жерлерді жою (апатты жағдайларда); д) саңылауларды дәнекерлеу; е) суық, ыстық сумен қамту және жылу жүйелерінің 1 метрден аспайтын жекелеген учаскелерін ауыстыру; ж) жертөледегі канализация тұрбаларын ауыстыру (2 метрге дейін); з) жертөле мен техникалық қабаттардағы вентильдерді, тиектердегі су кеткен жерлерді жою; и) канализациялық тұрба құбырларындағы шөгінділерді жою; к) жертөледегі профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу.
4. Электротехникалық жұмыстар (электрмен қамту тораптарын пайдалану тұрғын-жай немесе пәтер иелерінің жеке есептегіш аспаптарына дейін жүргізіледі): а) электрмен қамтудың уақытша сызбасын орындау; б) үйдің топтық тарату қалқандарындағы жанып кеткен сақтандырғыштарды ауыстыру; в) топтық таратушы және қабаттық қалқандағы күйіп кеткен фаза-ноль сымын қалпына келтіру; г) кезекші жарыққа кернеу беру; д) 1-қабаттағы және үйдің кіре берісіндегі ажыратқыштар мен лампаларды ауыстыру.
5. Аула маңындағы аумақты тазалау.
Үй маңы аумағындағы аяқжолдар мен газондардан қарды, мұздарды және қоқыстарды тазарту (іргетас шетінен 5 метр жерге дейін), мүліктер мен арнайы киімдер сатып алу. Тұрғын үй подъездерін тазарту, көлік шығындары.
6. Басқарушы және кеңсе қызметкерін ұстау.
Әлеуметтік сақтандыру мен басқа салықтар. Әкімшілік-шаруашылық шығындар: байланыс, банк қызметтері, кеңсе тауарларын алу, газетке, журналға жазылу төлемдерін төлеу, сот шығындары, мемлекеттік баж салығы, мүлік пен жер салығы, көлденең шығындар, пошта шығындары.
7. Лифтілердің электр қуатын беру (үйде болған жағдайда).
Тізбеде көрсетілмеген кез-келген басқа жұмыстарды орындау, мейлі ол шатырды күрделі жөндеу болсын, күнқағарларды ауыстыру, балалар алаңын салу болсын, арнайы мақсаттық алымдарды білдіреді.