Атырау, 27 желтоқсан 04:16
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Шаштараз жөнінде кімге шағымданбақпын?

2 451 просмотра

– Көршім 1-ші қабаттан шаштараз ашты. Және оның жалғап салған құрылысы тура менің үйімнің терезесінің алдына келді. Алайда, мен жанама құрылыс үшін ешқандай келісімімді бергенім жоқ. Тікелей шаштаразға жақын орналасқан көрші пәтер иелерінің келісімі хаттамада жоқ деген күдігім бар. Жанама салынған құрылыстың күнқағарында үнемі күл-қоқыс жиналады да қалады: құрғақ бұтақтар, шаң-тозаң және басқалар. Көршімнің әрекетіне орай мен қайда шағымдана аламын?

Телефон арқылы

«Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің зеңгері Аслан ЖОЛБОЛОВТЫҢ жауабында былай делінген: Көппәтерлі үйлерге жанама құрылыстар салуға іс жүзінде тыйым салынады. Өйткені, типтік үйлердің құрылысы бекітілген жоба бойынша салынатындықтан, кез-келген өзгеріс үйдің қасбетін өзгертіп жібереді немесе бүлдіреді. Пәтерлерді шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ретінде, дүкен, шаштараз және т.б.  қолдануға рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда пәтерді тұрғын үй қорынан шығара отырып жанама құрылысқа жеке кіру арқылы рұқсат беру заңда қарастырылған. Сонымен, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы №425 бекітілген қаулысымен бұрыннан бар нысандарды өзгерту  және жаңасының құрылысына рұқсат беретін процедуралардан өту Ережесінде қайта жасақтауға, қайта жоспарлауға және тұрғын үй ғимараттарындағы жайларды қайта жабдықтауға рұқсат беру процедураларының ерекшеліктері қарастырылған. Бұл ережеде егер жоспарланып отырған қайта жарақтандырылатын (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) орынжай (тұрғын үйдің бөлігі) немесе оның шекарасын көшіру барысында басқа орынжай иелерінің (үй бөлігінің), яғни, орынжайды өзгертумен шектес жатқан көршілердің мүддесіне кедергі келтірілетін болса, онда жанама құрылысқа рұқсат алу үшін берілетін арызға олардың бұл өзгеріске келісімі нотариальды куәландырылған жазбаша түрде жалғануы тиіс. Көршілердің бұл келісімі жобаның жасақталу кезеңінде және жанама құрылыс рәсімделген кезде алынуы керек. Нотариальды куәландырылған басқа орынжайлар иелерінің, яғни, көршілерінің жазбаша келісімінің болмауы бұрыннан бар орынжайды өзгерту жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермейді.

Бұл жағдайда сіз тиісті мемлекеттік бақылаушы және тексеруші органдарға, мәселен, прокуратура және мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасына  немесе кәсіпкерге жанама құрылыс салу үшін рұқсаттың берілуін заңсыз деп тану мақсатында тікелей  сотқа шағымдануға құқылысыз. Сізге сондай-ақ, үйді ұстауға жауапты өз ПИК-іңізге де талап қоюға болады.

30 маусым 2011, 19:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.