Атырау, 21 желтоқсан 21:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

Сот зорлық болмаған деп шешті Атырауда

Сот зорлық болмаған деп шешті

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі («кәмелетке толмаған адамды зорлау») бойынша айыпталған 18 жасар сотталушыға қатысты ақтау үкімі шығарылды. 24 қараша 2022, 14:35 1 777 рет қаралды
«Электр энергиясы тарифінің жоғары болуы бизнесімізді "батыруда"» Атырауда

«Электр энергиясы тарифінің жоғары болуы бизнесімізді "батыруда"»

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден электр энергиясының жоғары тарифіне қатысты шағымдар көп түседі. Осыған байланысты шағын бизнес өкілдері осы салықты төлемейтін субъектілер үшін ҚҚС-ты алып тастауды сұрайды. Бизнес пен энергетиктердің басқосуында осы және өзге де тақырыптар талқыланды. 24 қараша 2022, 16:19 1 714 рет қаралды
Құрманғазы ауданында 4 миллиард теңгеге үш «балық» жобасы жүзеге асырылуда Экономика

Құрманғазы ауданында 4 миллиард теңгеге үш «балық» жобасы жүзеге асырылуда

Бұл инвестициялық жобалар 2021 жылы іске қосылды және 2025 жылы аяқталуы тиіс. Олардың жалпы құны - 3 миллиард 950 миллион теңге. Оның 608 миллион теңгесін шаруа қожалықтарының өз қаражаты есебінен, 3 миллиард 342 миллион теңгесін қаржы институттары арқылы тарту жоспарланған. Бұл туралы Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сурет 23 қараша 2022, 01:17 2 005 рет қаралды
Қаңтардағы митинг бойынша сот: «Тобырдың бізге қарай келе жатқаны ғана есімде» Қаңтардағы наразылық

Қаңтардағы митинг бойынша сот: «Тобырдың бізге қарай келе жатқаны ғана есімде»

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау қаласында қаңтар митингісіне қатысушыларға қатысты сот процесі жалғасуда. Сот дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілегеннен кейін жәбірленушілерден – полицейлерден жауап алуға кірісті. Сурет 23 қараша 2022, 16:16 2 059 рет қаралды
Атырау облысында 25 жанармай құю бекетіне газ жеткізілді Атырауда

Атырау облысында 25 жанармай құю бекетіне газ жеткізілді

«PromGaz» ЖШС «Теңізшевройл» ЖШС-інен 1600 тонна сұйытылған мұнай газын алуға келісімшарт жасады. Бұл туралы облыстық Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр МҰҚЫШЕВ мәлім етті. 18 қараша 2022, 12:06 1 127 рет қаралды
Балықшы – Зарослый жолы, «халық патрульдері» және тұрғындардың жанайқайы туралы Атырауда

Балықшы – Зарослый жолы, «халық патрульдері» және тұрғындардың жанайқайы туралы

Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығында қала әкімі Мейірім ҚАЛАУИДІҢ жергілікті тұрғындармен кездесуі өтті. Балықшы-Зарослый жолының ұзаққа созылған құрылысы және есірткілік заттар мен құрамында есірткісі бар медициналық препараттардың кеңінен таралуы басты тақырып болды. Сурет 16 қараша 2022, 17:58 1 812 рет қаралды
Атырауда сұйытылған газ санаулы жанармай құю бекеттерінде ғана бар Атырауда

Атырауда сұйытылған газ санаулы жанармай құю бекеттерінде ғана бар

Атырауда бірнеше күн бұрынкөлік жүргізушілері қаладағы жанармай құю бекеттерінен сұйытылған газ таппай, біраз әуре-сарсаңға түскен болатын. Бүгінгі жағдай қалай? «АЖ» тілшісі анықтап көрді. 15 қараша 2022, 20:56 1 165 рет қаралды
​Сайлау алдында: берілмеген ант және сайлау учаскелеріндегі ықтимал жайттар Атырауда

​Сайлау алдында: берілмеген ант және сайлау учаскелеріндегі ықтимал жайттар

11 қараша күні Атырауда «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Кезектен тыс өтетін президент сайлауына тәуелсіз бақылау жүргізу» тақырыбында баспасөз жиыны өтті. Оған «HAQ» ҚҚ атқарушы директоры Тоғжан ҚОЖАЛЫ, азаматтық белсенді Шыңғыс АЙНАБЕКОВ және «Золотое время» қоғамдық қорының жетекшісі Айгүл УӘЛИЕВА мен «Заманауи» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Асман АМАНЖОЛ қатысты. Сонымен бірге, жиынға облыстық аумақтық сайлау комисссиясының мүшесі Сәбит МЕҢДІБАЕВ пен байқаушы болып тіркелген жастар да келді. Сурет Бейнежазба 12 қараша 2022, 13:19 1 424 рет қаралды
Сот АМӨЗ-ге салынған экологиялық айыппұлды жойды. Олардың жөндеу жұмыстарын аяқтауын күтіп отырмыз Атырауда

Сот АМӨЗ-ге салынған экологиялық айыппұлды жойды. Олардың жөндеу жұмыстарын аяқтауын күтіп отырмыз

Атырау облыстық соты Атырау қалалық әкімшілік сотының 5,6 миллион теңге айыппұл салу және «AМӨЗ» ЖШС жұмысын тоқтату туралы шешімін жойды. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады. 11 қараша 2022, 11:20 1 140 рет қаралды
Лас сулар қолайсыздық туғызып отыр Экономика

Лас сулар қолайсыздық туғызып отыр

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел барысында атыраулық кәсіпкерлер «Атырау облысы Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнына шағымданды. Олардың айтуынша, су бұру сызбаларының жоқтығы бизнес жүргізуге үлкен қолайсыздықтар туғызуда. Олардың нысандарын кәріз суы жиі басып қалады. 11 қараша 2022, 17:24 1 860 рет қаралды
Биыл екінші үшем дүниеге келді! Атырауда

Биыл екінші үшем дүниеге келді!

8 қараша күні Атырау қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Сәбилердің 25 жастағы анасы Альбина БИСЕШОВАНЫҢ бұл екінші жүктілігі: екі қыз, бір ұл баланы үйде жас жарымдағы әпкесі күтіп отыр. 10 қараша 2022, 09:32 1 296 рет қаралды
Атыраудағы жанармай құю бекеттерінде газ тапшы Атырауда

Атыраудағы жанармай құю бекеттерінде газ тапшы

Бірнеше күннен бері Атыраудағы жанармай құю бекеттерінде көліктерге арналған сұйытылған газ тапшылығы байқалуда. Жүргізушілер оны сағаттап іздеп, ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Сурет Бейнежазба 10 қараша 2022, 22:29 1 457 рет қаралды
Мұғалімге қол көтерген оқушының анасы айыппұлмен жазаланды Атырауда

Мұғалімге қол көтерген оқушының анасы айыппұлмен жазаланды

Бүгін, 10 қарашада Атырауда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұстазға күш қолданған №24 мектептің 7-сынып оқушысының анасына қатысты қаулы шықты. 10 қараша 2022, 22:52 1 272 рет қаралды
Есболда айуандықпен кісі өлтірді деп айыпталған үшеу ұзақ мерзімге, қалғандары аз мерзімге сотталды Атырауда

Есболда айуандықпен кісі өлтірді деп айыпталған үшеу ұзақ мерзімге, қалғандары аз мерзімге сотталды

Бүгін, 10 қарашада Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылында «топ болып айуандықпен кісі өлтіру» ісі бойынша сот үкімі шықты. 10 қараша 2022, 23:26 1 745 рет қаралды
«Оқу кестесіндегі өзгерістерге байланысты алты күндікке көшуге мәжбүр болдық» Атырауда

«Оқу кестесіндегі өзгерістерге байланысты алты күндікке көшуге мәжбүр болдық»

Атырауда кей мектептер алты күндік оқу аптасына көшті. Ата-ананың көпшілігі мұнымен әлі де келіспейді. Олар қалалық білім бөліміне балаларының үйірмелерге баруға және ҰБТ-ға дайындықтан өтуге уақыты жетпей жатқанына шағымданған. Атырау қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Аманбай ХҰСЫНОВ ӨКҚ-де өткен брифингте мұның себебін түсіндірді. 9 қараша 2022, 15:06 1 448 рет қаралды
Әскери паек белгіленген баға деңгейіне сай келмейді Атырауда

Әскери паек белгіленген баға деңгейіне сай келмейді

Азық-түлік бағасының күрт өсуі Атырау гарнизоны әскери бөлімшелері мен мекемелерінде ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін бизнес субъектілерінің қызметіне кері әсерін тигізді. Кәсіпкерлер шығынмен жұмыс істеуге мәжбүрміз деп шағымдануда. Осы және өзге де мәселелер өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен жиында талқыланды. 9 қараша 2022, 17:05 1 122 рет қаралды
Атырауда ЕҚЫҰ байқаушылары жұмысын бастады Атырауда

Атырауда ЕҚЫҰ байқаушылары жұмысын бастады

Атырауда президент сайлауын Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері (ЕҚЫҰ) Томас ХУГ пен Кристиан ШВАРЦ бақылайтын болды. Олар қазір қаламызға келген. «АЖ» тілшісі олармен кездесіп, бірнеше сауал қойды. 8 қараша 2022, 12:58 1 045 рет қаралды
Әзірге Сарыөзекте босанады Атырауда

Әзірге Сарыөзекте босанады

Атырау облыстық перинаталдық орталығы ғимараты күрделі жөндеуге тұрды. Соған байланысты медиктер мен пациенттердің бір бөлігі уақытша Сарыөзектегі №2 Атырау облыстық ауруханасының модульдік бөлімшесіне көшірілді. Сурет 5 қараша 2022, 17:57 1 024 рет қаралды
Атыраулық кәсіпкерлер мемлекеттік органдарды жиі сотқа береді Атырауда

Атыраулық кәсіпкерлер мемлекеттік органдарды жиі сотқа береді

Биыл Атырау облысында кәсіпкерлердің мемлекеттік органдардың заңсыз актілеріне талап арыздары көбейген. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. Сурет 4 қараша 2022, 01:20 1 324 рет қаралды
​Атырауда 29 көліктен қосалқы бөлшек ұрлаған күдіктілер ұсталды  Атырауда

​Атырауда 29 көліктен қосалқы бөлшек ұрлаған күдіктілер ұсталды

№2 қалалық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Бағдат Төлеуалиев хабарлағандай, 25 және 26 қазан күндері қаскүнемдер түнгі уақытта қала маңындағы Ақсай, Ақжар, Талғайран ауылдарында көліктерді бұзып ашып, қосалқы бөлшектерін, негізінен аккумуляторларды алып кеткен. Бейнежазба 3 қараша 2022, 13:23 1 375 рет қаралды
«Арнаулы автобаза» директоры келтірілген шығынды толығымен өтеуге уәде беріп отыр Оқиға

«Арнаулы автобаза» директоры келтірілген шығынды толығымен өтеуге уәде беріп отыр

1 қарашада Атырау ықшамауданында КамАЗ жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік апаты болды. Бақылау камерасы оның тұрғын үйлер арасындағы жол бойымен жылдамдықпен келе жатқанын, электр бағанасын «құлатып» кеткенін, содан соң күрт бұрылып, үйлердің бірінің тас қоршауын бұзып өткенін жазып алған. Полиция департаменті жүк көлігі аулада тұрған көлікті де соққанын айтты. Бағына орай, зардап шеккендер жоқ, бірақ айтарлықтай материалдық шығын болған. Сурет Бейнежазба 2 қараша 2022, 16:50 1 672 рет қаралды
«Talan» ТК: жылыту құны қызу талқыланды Атырауда

«Talan» ТК: жылыту құны қызу талқыланды

«Talan» тұрғын үй кешенінің пәтер иелері су жылыту қызметінің құны жоғары екеніне қатысты «АЖ» редакциясына шағыммен жүгінді. Жақында сервистік компания – «BIClientsService 15» ЖШС тұрғындарға бірден төрт айдың (маусым-қыркүйек) шотын берді, ондағы тариф 1 текше метрі үшін 5119 теңгені құрайды. Мәселен, 8 текше метр суды пайдаланғаны үшін тұрғындардың біріне 76 мың теңге есептелген. Сурет Бейнежазба 1 қараша 2022, 12:05 1 248 рет қаралды
Паранжа киген қыздар, қысқа балақты шалбар киген сақалдылар: «Бұл халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қауіпті» Қоғам

Паранжа киген қыздар, қысқа балақты шалбар киген сақалдылар: «Бұл халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қауіпті»

Соңғы кездері бет-жүзін тұмшалап, қара жамылған қыз-келіншектерді Атыраудың көшелерінен жиі кездестіреміз. Бұл көпшілікке ұнайды деп айта алмаймын. Неліктен қазір қазақтың халықтық дәстүріне қайшы келетін осы бағытқа бет бұрған әйелдер (негізінен өте жас қыздар) мен қысқа балақты шалбар киген сақалдылар көп екенін «АЖ» тілшісі анықтауға тырысты. Сурет 28 қазан 2022, 12:35 5 273 рет қаралды
Қандастар үшін бір ауыз сөз Атырауда

Қандастар үшін бір ауыз сөз

Атырауда өңірімізге қоныс аударған қандастарымызды бейімдеу жөніндегі координациялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға «Оралман-Жайық» ҚБ төрағасы Құдабай ҚАРЖАУОВ пен «Жібек жолы - Бауырластар» ҚБ жетекшісі Әлия ТАЗАБЕКОВА қатысты.   25 қазан 2022, 14:17 2 093 рет қаралды
Казиноға қомақты сома жұмсаған шенеуніктер арасында атыраулық та бар Атырауда

Казиноға қомақты сома жұмсаған шенеуніктер арасында атыраулық та бар

Алматы облысы прокуратурасының тексеру жұмыстары «мемлекеттік қызметте болған кезеңде» 305 қазақстандық шенеуніктің ойынханаға жалпы сомасы 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Сондай-ақ, «Атырау облысының энергетика және ТКШ басқармасының жылдық табысы 7,9 миллион теңгеден аспайтын қызметкері Е.А.Назаровтың» да аты аталады. Прокурорлардың растауынша, ол екі рет жалпы сомасы 3,2 миллион теңгеге «Toрнадо 777» казиносының ойын автоматтары залына барған. 25 қазан 2022, 12:30 1 955 рет қаралды
Хаменованың соты: «Бұл жерде шоу жасамаңыздар!» Хаменованың ісі

Хаменованың соты: «Бұл жерде шоу жасамаңыздар!»

Бүгін, 21 қазанда Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАНЫҢ ісі бойынша өтіп жатқан кезекті сот отырысында прокурор Лаура АСАНОВА сотталушы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВТЫҢ алдыңғы сот отырысында берген айғақтарына байланысты сот тергеуін қайта бастауды сұрады. Сурет Бейнежазба 22 қазан 2022, 02:21 2 694 рет қаралды
Сағыз-Миялы жолындағы апаттан бес адам қаза болды Оқиға

Сағыз-Миялы жолындағы апаттан бес адам қаза болды

Бүгін, 22 қазанда күндіз Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы тас жолының 15 шақырымында Toyota Ipsum және  Lada Granta көліктері соқтығысып, жол апаты орын алды. Нәтижесінде оқиға орнында бес адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. 22 қазан 2022, 21:19 2 966 рет қаралды
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бұрынғы басшысына пара алғаны үшін айыппұл салынды Атырауда

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бұрынғы басшысына пара алғаны үшін айыппұл салынды

19 қазанда Атырау қаласының №2 соты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы мен тағы екі әйелге қатысты үкім шығарды. Экс-шенеунікке бірнеше рет пара алды, тағы бір айыпталушыға бірнеше рет пара берді, үшіншісіне пара беруге бірнеше рет делдалдық жасады деген айып тағылды. 20 қазан 2022, 15:34 1 220 рет қаралды
46 шенеунік пен полицей Антикордың ұсынысы бойынша жауапқа тартылды Атырауда

46 шенеунік пен полицей Антикордың ұсынысы бойынша жауапқа тартылды

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 46 ұсыныс енгізді. Жауапкершілікке тартылғанның үшеуі жұмыстан шығарылды. 19 қазан 2022, 22:33 1 088 рет қаралды