Бүгін, 22 қазанда күндіз Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы тас жолының 15 шақырымында Toyota Ipsum және Lada Granta көліктері соқтығысып, жол апаты орын алды. Нәтижесінде оқиға орнында бес адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, қаза болғандар - Toyota Ipsum көлігінің екі жолаушысы 55 жаста, біреуі 72 жаста, Lada Granta көлігінің екі жолаушысы 27 және 62 жаста.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі («Жүргізушінің екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айнұр САПАРОВА
ПД жолдаған сурет