
Қарағанды облысында екі айға жуық уақыт бойы іздестірілген 38 жастағы Ирина Керннің сүйегі табылды. Полиция қызметкерлері кісі өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адамды қолға түсірді.
«Криминальный Казахстан» Telegram-каналы хабарлағандай, марқұмның денесі 13 қарашада өзі тұрған Теміртау қаласынан 22 шақырым жерден табылған. Тексеріс барысында сарапшылар әйелдің зорлық-зомбылықтан көз жұмғанын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде 40 жастағы азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда бұл факті бойынша кісі өлтіру бабы аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау бағытындағы жұмыстар Қарағанды облыстық Полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауына алынған.
Ирина Керн 20 қыркүйекке қараған түні Энергетиктер көшесіндегі үйінен белгісіз жағдайда шығып келіп, қайтып оралмаған. Туыстарының айтуынша, жоғалар алдында ол бірге тұратын азаматтық жолдасымен сөзге келіп қалған. Таңғы сағат 06:00 шамасында үй ішіндегілер есіктің тарс жабылғанын естігенімен, оның қалай және қайда кеткенін ешкім көрмеген.
Жақындары әйелді алдымен өз бетінше іздестіріп, полицияға ресми арызды 2 қазанда түсірген еді.
Марқұмның артында үш баласы қалды.
В Атырау +6.2