Атырау, 13 қараша 17:26
 дождьВ Атырау +6.2
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

«Қазіргі заман қаһарманы» акциясы аясында Атыраулық полиция қызметкері марапатталды

19 рет қаралды
Айдын Болат (сол жақта)
Айдын Болат (сол жақта)

12 қарашада Алматыда өткен «Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясы аясында Атырау облысының полиция қызметкері Айдын Болат Оралбайұлы құрметке бөленді. Ол Индер аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі қызметін атқарады. 

Айдын Болат ішкі істер органдарындағы қызметін 2016 жылы бастаған. Қызмет еткен жылдары ол адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда бірнеше рет жеделдік пен батылдық танытты.

Осындай оқиғалардың бірі 2026 жылғы 21 мамырда Индер ауданында орын алды. Сағат 04:44 шамасында Қонаев көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен бойда полиция капитаны оқиға орнына бірінші болып жетеді. Ол түтінге оранған ғимаратқа кіріп, ұйқыда жатқан тұрғындарды оятып, сыртқа шығаруға кіріседі. Сондай-ақ өрт шыққан пәтерден жас ерлі-зайыптыны аман-есен алып шығады.

Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін 2026 жылғы 23 маусымда ол Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Кеше Алматыда «Қазіргі заман қаһармандары» акциясы аясында оның батылдығы мен қызметтік борышына адалдығы тағы да лайықты бағасын алды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.