
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері заңсыз есірткі айналымының екі дерегін әшкерелеп, 221 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі.
Polisia.kz хабарлағандай, жедел-іздестіру шаралары «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық операциясы аясында Орал қаласының аумағында жүргізілді.
Тексеру кезінде мына заңбұзушылықтар анықталды:
Бірінші дерек: Полицейлер Орал қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйінің ауласын тексеру барысында ішіне өсімдік тектес заты бар 12 полиэтилен қап салынған екі үлкен қорап табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың салмағы 198 келі 16 грамм болатын кептірілген марихуана екенін растады.
Екінші дерек: Орал қаласының 45 жастағы тұрғынының пәтерін тінту кезінде 23 келіге жуық дәл осындай есірткі заты табылып, тәркіленді.
Аталған екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тәркіленген есірткінің шығу тегін, тасымалдау және жеткізу арналарын анықтау үстінде. Өңірде заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл шаралары жалғасуда.
В Атырау +6.2