Атырау, 29 қараша 04:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атыраулық кәсіпкерлер мемлекеттік органдарды жиі сотқа береді

Сурет
1 223 просмотра

Биыл Атырау облысында кәсіпкерлердің мемлекеттік органдардың заңсыз актілеріне талап арызы көбейген. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, осы уақыт ішінде Өңірлік палатаға 250-ге жуық өтініш келіп түскен, оның 95-і кәсіпкерлік құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында.

– Шағымдар дәстүрлі түрде сәулет, қала құрылысы, жер қатынастарына қатысты. Оның 42-сі атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша бизнестің пайдасына шешілді, - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған мораторийге қарамастан, мемлекеттік органдардың, әсіресе Мемлекеттік кірістер департаменті, Жер қатынастары және ТЖД тарапынан заңсыз тексерулер жалғасып жатқаны атап өтілді.

Палата басшысы Нұрлан СҮЙІНБАЕВТЫҢ айтуынша, кей жағдайда сотқа жүгінуге тура келеді.

– Мысалы, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан бірнеше рет заң бұзушылық фактілері бойынша «Нутти-Атырау» ЖШС-нен шағым түсті. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымымен ЖШС-нің апелляциялық шағымы қанағаттандырылды. Осылайша, 53 миллион теңгеден астам сомаға кәсіпкердің құқығы қорғалды. Сондай-ақ, «ГСК РиМ» ЖШС да корпоративтік табыс салығы және ҚҚС бойынша салық міндеттемесінің орындалуы туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Нәтижесінде талап арыз қанағаттандырылды. Кәсіпкер үнемдеген қаражат көлемі 158 млн теңгені құрады, – деді Н.Сүйінбаев.

Айнұр САПАРОВА

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі ұсынған суреттер

4 қараша 2022, 01:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.