
Атыраудағы Махамбет көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын жаңарту туралы материал жарияланғаннан кейін тұрғындардың бірі «Рахат» аялдамасындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын сұраған еді.
«Онда төсемтас жоқ, құм төгіп тастаған — бәрі осымен тоқтады», — деп жазды ол.
Бұл жағдай бойынша түсіндіріп беру үшін біз қала әкімдігіне жүгіндік.
Атырау әкімінің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан хабарлағандай, «Рахат» аялдамасындағы жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Әзірге мұнда негізгі табаны дайындалып, аумаққа құм төгілді. Ары қарай төсемтас төсеу және іргелес аумақты абаттандыруды аяқтау жұмыстары қарастырылған.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, қарастырылған барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Айнұр САПАРОВА
Суретті түсірген А.Белова
В Атырау +4.9