Атырау, 11 қараша 09:40
 дождьВ Атырау +2.9
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

Атырауда Махамбет көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып жатыр

33 рет қаралды
Суретті түсірген автор
Суретті түсірген автор

Атырау қаласындағы Махамбет көшесінде абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолына жаңа төсемтас төсеу көзделген.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарын «ДостықСпецТранс» ЖШС мердігер мекемесі жүргізіп жатыр.

- Жоба бойынша жалпы аумағы 2 500 шаршы метр болатын жаяу жүргіншілер жолын жаңарту жоспарланған. Қазіргі уақытта оның 1 100 шаршы метрінде төсемтас төсеу жұмыстары атқарылуда. Мердігер мекеме жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес жалғастырып жатыр, - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Жобаның жалпы құны туралы «АЖ» тілшісінің сұрағына әкімдік алдын ала мәлімет бойынша шамамен 890 млн 726 мың 600 теңгені құрауы мүмкін деп жауап берді. 

Сонымен қатар баспасөз қызметі аталған қаражат тек жаяу жүргіншілер жолын жаңартуға ғана емес, Махамбет көшесіндегі автомобиль жолын жөндеуге де қарастырылғанын нақтылады.

Айнұр САПАРОВА

Кеше, 21:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.