Атырау, 12 қараша 17:17
 дождьВ Атырау +5.4
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Ішкі істер министрлігі 56 ұрланған автокөлікті іздестіріп жатыр

35 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Қазақстанда автокөліктерге қатысты алаяқтықпен айналысқан деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Алдын ала мәлімет бойынша, схемаға қатысушылар кейін қайта сату мақсатында елден 56 автокөлікті заңсыз шығарып әкеткен.

Polisia.kz хабарлауынша, күдікті қылмыстық топтың мүшелері екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы автокөліктерді жалған тұлғалардың атына кепілге рәсімдеген. Кейін машиналарды одан әрі сату үшін Қазақстан аумағынан тыс жерге шығарған.

Топтың әрекетіне тосқауыл қою мақсатында ІІМ еліміздің бірден он өңірінде жедел іс-шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде полицияға 48 адам жеткізілді. Олардың арасында алаяқтық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінген алты адам бар. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстардың мән-жайын анықтап, шетелге шығарылған 56 автокөлікті іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға және алаяқтардың айла-шарғысына алданбауға шақырды.


Бүгін, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.