Атырау, 12 қараша 18:15
 дождьВ Атырау +5.4
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Қазақстанда электр энергиясы нарығы операторының басшысы ауысты

53 рет қаралды

Арман Шайханов «Қазақстан электр энергиясы мен қуаты нарығының операторы» АҚ (KOREM) басқарма төрағасы болып тағайындалды. Компанияның жаңа басшысын ұжымға Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев таныстырды.

Арман Шайхановтың білімі бойынша энергетик және экономист. Ол Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Екібастұздың энергетикалық нысандарында машинист-айналып тексеруші болып бастаған. Кейін энергетикалық блок машинисіне дейін көтерілген.

Еңбек жолындағы негізгі кезеңдер:

  • 2006–2022 жылдар: «KEGOC» АҚ-да жұмыс істеп, жетекші маманнан Ұлттық электр желісін дамыту және жүйелік қызметтер жөніндегі басқарушы директор лауазымына дейін көтерілді.

  • 2022–2025 жылдар: «KEGOC» АҚ-ның «Алматы электр желілері» филиалын басқарды.

  • 2025 жылғы қарашадан бастап: «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің (ЖЭК жөніндегі ЕҚО) бас директоры қызметін атқарды.

Бүгін, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.