Атырау, 29 қараша 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мұғалімге қол көтерген оқушының анасы айыппұлмен жазаланды

1 170 просмотра

Бүгін, 10 қарашада Атырауда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұстазға күш қолданған №24 мектептің 7-сынып оқушысының анасына қатысты қаулы шықты.

Бұл 11 қазанда тарих сабағы кезінде орын алған. Облыстық білім басқармасы оқиғаны былайша сипаттады: оқушылар БЖБ тапсыру бойынша тапсырманы орындау кезінде мұғалім тапсырманы орындамаған оқушыға жақындап, неге орындамай отырғанын және көмек керек емес пе деп сұраған. Жетінші сынып оқушысы мұғалімді итеріп жіберіп, ол еденге құлап, «денсаулығына жеңіл зиян келтірген».

Сотта ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі («Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы») бойынша оқушының анасына қатысты іс қаралды. Оған 21 441 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Соттың баспасөз қызметі хабарланғандай, 127-баптың 1-бөлігі 10 АЕК (31 800 теңге) көлемінде айыппұл қарастырады, бірақ кінәсін мойындаса, сот бұл соманы 30 пайызға азайтуға құқылы.

– Сот жазаны тағайындау кезінде кәмелетке толмаған бала екенін және кінәсін мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ, - деп түсіндірді баспасөз қызметі қаулыны.

Айнұр САПАРОВА

10 қараша 2022, 22:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.