Атырау, 29 қараша 04:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тартысты тең ойын

1 206 просмотра

30 қазанда футболдан ел чемпионатының 25-турының матчында «Атырау» ФК өз алаңында қарағандылық «Шахтермен» кездесті.

Бірінші таймның басым бөлігінде алаңда қонақтар басымдық көрсетіп, олар екі гол соқты. 17-минутта кезекті шабуыл барысында «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Фархад МҰСАБЕКОВ алаң иелерінің қорғаушылары айып алаңынан соққан допты сәтті қағып, қақпаға дәл салды. Қақпашы Арам АЙРАПЕТЯННЫҢ жан дәрмен қарғығанмен, көмегі болмады – есеп 0:1. Ал 30-минутта «Шахтер» есепті еселеді: бұл жолы Темур ЧОГАДЗЕ айып добынан әдемі соққы жасап, доп тағы да «тоғыздыққа» тиді.

Бірінші таймның соңында төреші меймандардың колумбиялық легионері Роджер КАНЬЯСТЫ дөрекі ойыны үшін алаңнан шығарып жіберіп, «Шахтер» ойыншылары азайып қалды. Ал матчтың бірінші таймына қосылған 4-минутта «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Сослан ТАКУЛОВ жақсы комбинациядан кейін алыс бұрышқа дәл соққы жасады.

Матчтың тағдыры 78-минутта төреші меймандар қақпасына пенальти белгілеген кезде шешілді. Демир ИМЕРИ бұрышқа әрі күшті, әрі дәл соққы жасады – 2:2. Осымен ойын тең аяқталды. Алаң иелерін екі голға есе жіберіп, жеңілістен құтылды деп мақтауға болады, бірақ «Атыраудың» алдағы соңғы тур алдындағы көрсеткіші қуантарлық емес. 29 ұпай жинаған команда 14 орынның ішінде 9-орынға жайғасты, бірақ төменде Бірінші лигаға шыққысы келмейтіндер тобы тұр, енді бірінің алда өтетін матчы бар, сондықтан «мұнайшылар» өздерін жайбарақат сезіне алмайды. Премьер-лигаға шығуға кепілдік болу үшін біздің команда сырт алаңда «Ақсу» (Павлодар облысы) командасымен матчта ұпай алуы керек. Матч 6 қарашада өтеді.

Айнұр САПАРОВА

31 қазан 2022, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.