Атырау, 29 қараша 02:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау облысында 25 жанармай құю бекетіне газ жеткізілді

1 055 просмотра

Атырау облысында 25 жанармай құю бекетіне газ жеткізілді «PromGaz» ЖШС «Теңізшевройл» ЖШС-інен 1600 тонна сұйытылған мұнай газын алуға келісімшарт жасады. Бұл туралы облыстық Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр МҰҚЫШЕВ мәлім етті. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда өңірге көлікке арналған 264 тонна газ жеткізілді. Бұдан басқа ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, газ құю мекемелеріне қосымша 1000 тонна газ алу үшін келісімшарт жасалуда. Мәселен, «Qazaq oil» мекемесімен арадағы келісімге сәйкес 700 тоннадан 350 тонна, «Gas Processing» ЖШС-дан 400 тоннадан 250 тонна газ жеткізілді. Сондай-ақ «СНПС-Ақтөбе» ЖШС-нен 1000 тонна газ алу үшін қосымша келісімшартқа отырды. Нәтижесінде қаладағы 10 бекетке, аудандардағы 15 бекетке сұйытылған газ сатылуда. Қазір облыстағы көгілдір отынның қалдық қоры 300 тоннаны құрайды. 

- Энергетика министрлігі бөлген газ қалдығы ай соңына дейін жетеді деп жоспарланған. Ал «АМӨЗ» ЖШС толыққанды іске қосылған соң келесі айдан бастап тапшылық болмайды, - деді Д.Мұқышев. - Газ құю бекеттерінде шектік баға – 50-55 теңге. Егер бұл бағадан асыра сатылса, тұрғындар Атырау облысы әкімдігіне арыз түсіруіне болады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА                  

18 қараша 2022, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.