Атырау, 29 қараша 04:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Казиноға қомақты сома жұмсаған шенеуніктер арасында атыраулық та бар

1 727 просмотра

Алматы облысы прокуратурасының тексеру жұмыстары «мемлекеттік қызметте болған кезеңде» 305 қазақстандық шенеуніктің ойынханаға жалпы сомасы 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Сондай-ақ, «Атырау облысының энергетика және ТКШ басқармасының жылдық табысы 7,9 миллион теңгеден аспайтын қызметкері Е.А.Назаровтың» да аты аталады. Прокурорлардың мәлімдеуінше, ол екі рет жалпы сомасы 3,2 миллион теңгеге «Toрнадо 777» казиносының ойын автоматтары залына барған. 

Ал, Ерлан НАЗАРОВ жай ғана «қызметкер» емес, Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болды. Ол бұл қызметке 2021 жылдың 11 мамырында Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тұрған кезде тағайындалған. Ал оған дейін Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасын басқарған. «АЖ» сауалына облыс әкімдігінің баспасөз қызметі облыс әкімінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі №326-Р өкімімен Назаров Ерлан Асылбекұлының өз өтініші бойынша қызметінен босатылғаны туралы жауап берді.

Прокуратураның орталық мемлекеттік органдарға жолдаған хаты 2022 жылғы 5 қазанмен белгіленген. Тексерудің нақты қашан жүргізілгені белгісіз, бірақ облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Назаровтың қызметінен бұған дейін кеткенін алға тартады. Ал прокурордың хатында «Атырау облысының энергетика және ТКШ басқармасының қызметкері» лауазымының алдында «бұрынғы» немесе «экс» деген сөз жоқ.

Ерлан Назаровтың қазір қайда, не істеп жүргені белгісіз.

Айнұр САПАРОВА

25 қазан 2022, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.