Атырау, 29 қараша 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Сот АМӨЗ-ге салынған экологиялық айыппұлды жойды. Олардың жөндеу жұмыстарын аяқтауын күтіп отырмыз

1 063 просмотра

Атырау облыстық соты Атырау қалалық әкімшілік сотының 5,6 миллион теңге айыппұл салу және «AМӨЗ» ЖШС жұмысын тоқтату туралы шешімін жойды. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салсақ, бірінші инстанция соты экология департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындысына сүйеніп, бір ай бұрын қаулы шығарған болатын. Тексеру барысында 2022 жылғы 27 шілдеде сағат 17:07-де «KEGOK» АҚ желілерінің апатты тоқтатылуына байланысты зауыттың электрмен жабдықтау жүйесінде кернеу түсіп кетіп, соның салдарынан бірнеше технологиялық қондырғыда динамикалық жабдықтың бір бөлігі мезгіл-мезгіл тоқтап тұрғаны анықталды.

АМӨЗ баспасөз қызметі ЖШС-нің апелляциялық шағым түсіргенін, оны қарап шыққаннан кейін облыстық соттың ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 3-бөлігі («Шығарындылардың, төгінділердің нормативтерін, қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін жүйелі түрде асыру») бойынша «өте қажет жағдайда әрекет жасауына» байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қысқарту туралы қаулы шығарып, айыппұлды жойғанын хабарлады.

Ал 1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында кезең-кезеңмен, мұнай өнімдерін өндіруді тоқтатпауға мүмкіндік беретін жоспарлы жөндеу жүргізілуде: зауыт қазір 50-70% қуаттылықта мақсатты өнімдерді шығару және тиеу жұмыстарын жасауда. Зауыттың баспасөз қызметі мұндай жоспарлы жөндеудің мұндай кезең-кезеңмен жұмыс жасауы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының тәжірибесінде алғаш рет қолданылып жатқанын растайды. Қазір катализаторлар ауыстырылып, реактор, сыйымдылық, колонна, жылу алмастырғыш жабдықтар мен құбырлар тексеріліп жатыр.

Еске салсақ, қазір АМӨЗ өнімділігінің төмендеуіне байланысты жанармай құю бекеттерінде газ тапшылығы байқалып отыр. Жергілікті билік жақын күндері Ақтөбе облысынан және ТШО-дан қосымша жеткізілімдер болатынын айтады және АМӨЗ-де жөндеу жұмыстары қарашаның соңында аяқталады деген уәдесіне үміт артып отыр.

Айнұр САПАРОВА

11 қараша 2022, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.