Атырау, 29 қараша 04:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әзірге Сарыөзекте босанады

Сурет
945 просмотра

Атырау облыстық перинаталдық орталығы ғимараты күрделі жөндеуге тұрды. Соған байланысты медиктер мен пациенттердің бір бөлігі уақытша Сарыөзектегі №2 Атырау облыстық ауруханасының модульдік бөлімшесіне көшірілді.

Жөндеу жұмыстары жарты жыл жасалады деп жоспарланып отыр. Мердігер компания – «Азамат-Құрылыс» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурспен «Б» акушерлік корпусын жөндеу бойынша осы ЖШС-мен  биыл 19 қыркүйекте 966 млн теңгеге келісімшарт жасалғаны көрсетілген.

Перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінің өкілі Нұргүл ИСМАГУЛОВА:

- Күндізгі стационар, орталықтың әкімшілік құрамы мен оңалту бөлімі облыстық перинаталдық орталықтың ғимаратында қалады. Модульдік ауруханада босанушылдарға барлық жағдай жасалған. Ғимараты жаңа, жылы палаталар 2-3 кереуеттік, әр палатада душ және санитарлық торап қарастырылған. Серіктес босануға да еш кедергі жоқ.

Осылайша, алдағы 6 айда әйелдер осы Сарыөзекке босануға келеді. Қазір 124 әйел дәрігерлердің бақылауында.  

Айнұр САПАРОВА 

 

5 қараша 2022, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.