Атырау, 4 қазан 06:34
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

«Содырлардан құралған үш топ әуежайға шабуыл жасады»: Атырауда тактикалық оқу-жаттығу қалай өтті

Сурет
1 963 просмотра

Бүгін аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілері арнайы тактикалық оқу-жаттығудан өтті.

- Шараға облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ, басқарма басшылары, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, «Батыс» ayмақтық қорғаныс бригадасының қолбасшысы, Ұлттық ұланның қолбасшысы, Полиция департаментінің арнайы жасағы, Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының өрт сөндіру құрамы мен жедел жәрдем бригадасы қатысты, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сценарий бойынша содырлардан құралған үш топ Атырау қаласының Х.Доспанова атындағы әуежайына шабуыл жасайды.

Әуежайда төтенше жағдайдың орын алғандығы жөнінде хабарлама алғаннан кейін бригада командирі  Ермек Қуанышев блокбекетті күзет ротасымен күшейтуге нұсқау берді. Жеке құрам жабық саңылаулар арқылы қорғанысқа кіріссе, тез әрекет ететін арнайы жасақ (СОБР) ұшақтағы азаматтарды оқшаулап, эвакуациялады. Қарсыласты жою үшін МИ-8 АМТ тікұшағынан түскен жеке құрам қолданылды. Ол өз позицияларына орналасып, содырлардың көзін жойды.

Арнайы тактикалық оқу-жаттығу жауынгерлердің әскери марштағы салтанатты шеруімен аяқталды.

Шарада аймақ басшысы Серік Шәпкенов арнайы тактикалық оқу-жаттығуды өткізіп, белсенділік танытқан лауазымды тұлғалар мен әскери міндеттілерді Алғыс хатпен марапаттады. 

- Әрбір жауынгер қажет жағдайда қасиетті Отанын қорғауға қашан да дайын болуы керек. Өйткені Отан - оттан да ыстық. Елді қорғау - әркімнің азаматтық борышы. Ел басына қиын сәт туған кезде біз дайын болуымыз қажет. Сондықтан бұл үлкен әскери дайындықты талап етеді. Бүгін аумақтық қорғаныс бригадасы осындай  әскери оқу-жаттығу өткізіп шыңдалып, ел басына күн туғанда қорғай білетінін дәлелдеп отыр. Мен Сіздердің қай кезде де жоғары әскери дайындықтың үлгісін танытып, кәсібилікпен атқарып шығатындарыңызға сенемін! - деді Серік Шәпкенов.

Облысымызда мұндай оқу-жаттығу үнемі өтеді. Бұл биылдықта екінші рет өткізіліп отыр. Ал шараның алғашқы кезеңдері 10-21 қазан аралығында 41433 әскери бөлімінің «Қарабатан» оқу полигоны мен Махамбет ауданы Сарытоғай ауылындағы «Арай» лагерінде өтті.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 қазан 2022, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.