Атырау, 29 қараша 04:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бұрынғы басшысына пара алғаны үшін айыппұл салынды

1 124 просмотра

19 қазанда Атырау қаласының №2 соты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы мен тағы екі әйелге қатысты үкім шығарды. Экс-шенеунікке бірнеше рет пара алды, тағы бір айыпталушыға бірнеше рет пара берді, үшіншісіне пара беруге бірнеше рет делдалдық жасады деген айып тағылды.

- Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік тұлға бола тұра сотталушы Г. қызметтік өкілеттіктеріне кіретін және лауазымына байланысты өзінің сенімді тұлғасы делдал З. арқылы К.-ның пайдасына әрекет жасап, бірнеше рет пара алған. Сонымен қатар, Г. Өзінің қызмет бабын пайдаланып, Р. мен Б.-ның сеніміне кіріп, 30 000 теңге көлемінде ақша қаражатын алаяқтықпен иемденген, -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотталушылар кінәларын мойындады. Олар іс бойынша жиналған дәлелдемелерді, іс-әрекеттің саралануын дауламайтынын көрсетіп, кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасауды сұрады.

Сот тергеуі барысында прокурордың, сотталушылардың, олардың адвокаттарының қатысуымен кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына байланысты, соттың процестік келісімге сәйкес, прокурор сот алдында сұраған жазадан да ауыр жазаны қолдануға құқығы жоқ.

Сот үкімімен сотталушы Г. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен («Бірнеше рет пара алу») кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 900 000 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Cотталушы З. ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен («Пара беруде әлденеше рет делдал болу») кінәлі деп танылды. Ол мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 1 350 000 теңге айыппұл салу жазасына сотталды.

Сотталушы К. 367-баптың 3-бөлігі 3-тармағымен («Бәрнеше рет пара беру») кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 5 750 000 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 қазан 2022, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.