Атырау, 16 тамыз 10:15
 дождьВ Атырау +16.2
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Гаражында заңсыз қару сақтаған

1 835 рет қаралды

Атырауда полицейлер ҚҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз қару сақтаған 24 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның гаражын тінту кезінде тіркелмеген тегіс ұңғылы 2 қосауыз, 1 иіройықты аңшы қаруы, 2 дана атыс қаруы, тапанша бөлшектері мен электрошокер табылған.

Тәркіленген айғақтарға баллистикалық зерттеу тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі («Қаруды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

ПД жолдаған сурет

9 қараша 2022, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.