Атырау, 5 желтоқсан 08:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Маусым абыройсыз аяқталды

1 680 рет қаралды

Футболдан ел чемпионатының соңғы 26-турында «Атырау» ФК сырт алаңда «Ақсумен» (Павлодар облысы) ойнады.

Алаң иелері матчтың 12-минутында есеп ашты (Мирас ТҰРЛЫБЕК). Екінші таймның ортасында қонақтарға есе жіберіп алғанмен (Дмитрий ПЛЕТНЕВ), дереу тағы бір гол салды (Арман СМАИЛОВ). Матч  2:1 есебімен «Ақсу» командасының жеңісімен аяқталды.

Соңғы турнирлік кестеде «Атырау» 14 орынның арасынан 11-орынға тұрақтап, Премьер-лигада әрең қалды. Ал «Астана» «Ақтөбеден» бір ұпай айырмашылығымен озық шығып, ел чемпионы атанды.

Айнұр САПАРОВА

8 қараша 2022, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.