Атырау, 16 тамыз 10:38
 дождьВ Атырау +16.2
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

«Мигрант» іс-шарасы: келушілер де, жергілікті тұрғындар да жазаланды

1 290 рет қаралды

Атырау облысында кезекті «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

Көші-қон заңнамасын бұзған 300-ден аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, елімізде болу мерзімін асырғаны үшін 211 шетел азаматы (ҚР ӘҚБтК-нің 3, 4 тармақтары), заңды бұза отырып шетелдік жұмыс күшін тартқан (519-бап) 126 ҚР азаматы жауапкершілікке тартылған.

37 шетел азаматы ҚР аумағынан шығарылды. Жеке басын анықтайтын құжаттардың болмауына байланысты Өзбекстанның 60-тан астам азаматы қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Айнұр САПАРОВА

4 қараша 2022, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.