Атырау, 24 қараша 10:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда аталар мен әжелер сайысы өтті

Сурет
2 162 просмотра

Атырауда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 35 жылдығына орай қариялар арасында «Ата-баба аманаты» атты облыстық байқау өтті.

Қатысушылардың айтуынша, бұл байқау облысымызда жыл сайын ұйымдастырылады. Байқау қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық өнерін дәріптеу, сондай-ақ аға буынның өнерін насихаттау арқылы халық шығармашылығын дамытуға бағытталған. қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін кеңінен насихаттауға, сондай-ақ аға ұрпақтың өнерін насихаттау арқылы халық өнерін дамытуға бағытталған.

Облыстық халық шығармашылығы орталығында өткен шарада бүкіл аудан атынан қатысқан алпыс жастан асқан 18 әже мен 18 ата өнер көрсетті. Байқау «Өзін-өзі таныстыру», «Ата – баба дәстүрі – ұрпаққа аманат!», «Өнерпаз  аталар  ортада» және «Батаменен ел көгерер» атты 4 кезең бойынша өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қазылар алқасының құрамында Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің құрметті профессоры Төлеген Жаңабай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы академиялық қазақ театрының әртісі Сәбит Қожабеков, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы Мәлік Әбілхайыров, «ҚР білім беру саласының үздік қызметкері», Мақат ауданының құрметті азаматы Дәмен Алтаева болды.

- Қазақтың тәрбиесі алдымен орта буын, аға буын арқасында және осындай байқауларға байланысты қалыптаса түседі. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, сіздердің жастар тәрбиесі үшін орындарыңыз бөлек, - деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев ашылу салтанатында. 

Байқау нәтижесі бойынша Махамбет ауданы бірінші орынға, Қызылқоға ауданы екінші орынға, Құрманғазы ауданы үшінші орынға ие болды.  

Айнұр САПАРОВА

Автор түсірген және ӨКҚ жолдаған суреттер

23 қараша 2022, 02:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.