Атырау, 29 қараша 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Оқу кестесіндегі өзгерістерге байланысты алты күндікке көшуге мәжбүр болдық»

1 316 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет

Атырауда кей мектептер алты күндік оқу аптасына көшті. Ата-ананың көпшілігі мұнымен әлі де келіспейді. Олар қалалық білім бөліміне балаларының үйірмеге баруға және ҰБТ-ға дайындалуға уақыты жетпей жатқанына шағымданған. Атырау қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Аманбай ХҰСЫНОВ ӨКҚ-де өткен брифингте мұның себебін түсіндірді.

Оның айтуынша, Атырауда 63 мектеп бар (оның ішінде 5 лицей және 9 гимназия), оның 52-сі екі ауысымдық, 11-і үш ауысымдық мектеп. 63 мектептің ішінде қалада бес мектеп-лицей және тоғыз мектеп-гимназия бар. Үлгілі оқу жоспарына 2022 жылы 30 қыркүйекте ҚР оқу ағарту министрлігінің бұйрығымен өзгерістер енгізілген. Екінші тоқсаннан бастап кей сыныптарда «жаратылыстану», «алгебра», «химия», «физика», «биология», «Қазақстан тарихы» пәндеріне сағат қосылуы себепті оқу кестесі өзгертіліп, алты күндік оқу аптасына көшкен. Атап айтқанда, қаладағы үш ауысымдық 11 мектеп пен барлық лицей және гимназия оқушылары алты күндік оқу жүйесіне көшкен. Мұның бастауыш сынып оқушыларына қатысы жоқ. Олар аптасына бес күндік оқуды жалғастыра береді.

- Жаңа үлгідегі оқу жоспарына сәйкес, осы 11 мектеп, 5 лицей және 9 гимназияда сағат қосылғандықтан сабақтары бес күндік оқу кестесіне сыймайды. Сыйғызуға мүмкіндік жоқ. Сол үшін мәжбүрліктен алты күндік оқу енгізілді, - деді Хұсынов.  

Оның айтуынша, оқыту орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілі оқу жоспарында 10-11 сыныптарда ең жоғары оқу жүктемесі 32 сағат, ал гимназия/лицейлерде 39 сағат деп көрсетілген.

А.Хұсынов жыл сайын мектеп оқушыларының саны 4 мыңға артып отырғанын, үш ауысымнан құтылу үшін жаңа мектептер салу кажеттігін атап өтті.

Айнұр САПАРОВА

9 қараша 2022, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.