Атырау, 26 қараша 01:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сот зорлық болмаған деп шешті

1 630 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі кәмелетке толмаған адамды зорлау») бойынша айыпталған 18 жасар сотталушыға қатысты ақтау үкімі шықты.

2021 жылдың тамыз айында 13 жасар Атырау тұрғыны әлеуметтік желі арқылы сотталушы А.-мен танысып, өзін 18 жастағы қыз ретінде таныстырып, хат жазысады.

- Сол айда олар алдын-ала келісілген пәтерде кездесіп, өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. Жәбірленуші кездесу мақсатын алдын-ала біліп, өзімен бірге контрацепция мен түнгі көйлегін алып келген. Істі қарау барысында жәбірленушіде дене жарақаттарының болмағаны анықталды, - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қатал жаза тағайындауды сұрады. Бірақ жәбірленуші сотталушымен 18 жасар қыз ретінде танысқанын және жыныстық қатынасқа өз қалауы бойынша түскенін айтып растады. Жәбірленушінің заңды өкілі – анасы айыпты қолдамай, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Өз кезегінде сотталушы А. жәбірленушінің шынайы жасын білмегенін, жыныстық қатынасқа өз еріктерімен түскенін айтып, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Сот сотталушы А.-ның іс-әрекеттерінде ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтау үкімін шығарды. 

Сондай-ақ, сот сотталушыны бір жылдан астам уақыт заңсыз қылмыстық қудалағаны үшін Атырау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының атына жеке қаулы шығарды. 

Ал бұрынғы сотталушы мен оның адвокаты судья Зарема ХАМИДУЛЛИНАҒА істі объективті және ұқыптылықпен қарағаны үшін алғыс білдірді.

Айнұр САПАРОВА

24 қараша 2022, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.