Атырау, 29 қараша 02:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Есболда айуандықпен кісі өлтірді деп айыпталған үшеу ұзақ мерзімге, қалғандары аз мерзімге сотталды

1 664 просмотра

Бүгін, 10 қарашада Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылында «топ болып айуандықпен кісі өлтіру» ісі бойынша сот үкімі шықты.

Еске салсақ, өткен жылдың 8 тамызында Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат ҚАЛБАҒАЕВ соққыға жығылып, көз жұмған болатын. Оның өліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының адам өлтіруі») бойынша 29-30 жас аралығындағы 8 адам айыпталды. Сот осы жылдың ақпан айында басталған.

Прокурор Нұрболат ӘБІЛОВ сотталушыларды 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушылар өз кінәсін ішінара мойындады, ал қорғаушы тарап олардың іс-әрекетін «онша ауыр емес қылмыс» санатына өзгертуді сұрады.

Сот 2021 жылы 6 тамызда Есбол ауылында Азамат Қалбағаевтың бір жігітпен төбелесіп қалғанын анықтады. Бұл туралы оның Атыраудағы достары біліп, 8 тамызда ауылға келеді. Жалған желеумен олардың төртеуі болашақ құрбанын үйінен шығарып алып, ауыл шетіне алып кеткен. «Айыпталушы Ф. бірінші болып жүгіріп келіп, оны жерге құлатып, ұрып-соғу басталған. Олар оны аяқтарымен, қолдарымен ұрып-соғады, содан кейін сотталушы Т. оның басынан, бетінен, аяқ-қолынан темір құбырмен бірнеше рет ұрған. Сотталушылар Э., А., Б., У. және Х. істің адам өлтіруге баратынын көріп, бұдан бас тартқызбақ болған, бірақ Ф., О. және Т. құбырмен ұруды жалғастырған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген сол күні қайтыс болды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотталушылар Ф., О. және Т. К-тің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 15 жылдан бас бостандығынан айырылды. Сотталушылар Э., А., Б., У. және Х. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы(«Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі») бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылдан бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардан жәбірленуші тараптың пайдасына жалпы сомасы 37 млн теңге моральдық залал өндірілді.

«Сотталушылар Э., А., Б., У. және Х.-ның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігінің 5-тармағына өзгертілді. Өйткені олардың ойы мен іс-әрекеті тек денсаулыққа ауыр зиян келтіруге бағытталған. Сот О.-ның мас күйінде қылмыс жасауын ауырлататын мән-жай деп таныды. Сотталушылардың кінәсін ішінара мойындауы және Ф., Э. және У.-да кішкентай балаларының болуы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп танылды», - деп түсіндірілді үкім сотта.

Айнұр САПАРОВА

10 қараша 2022, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.