Атырау, 29 қараша 04:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Есболда айуандықпен кісі өлтірген қылмыстық топтың соты аяқталып қалды

2 271 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат ҚАЛБАҒАЕВТЫҢ өліміне қатысты іс бойынша жарыссөз басталды. Айып орындығында 29 және 30 жастағы 8 адам отыр. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру») бойынша айып тағылуда.

Ақпан айында басталған сот отырысының аяқталуы жақын. Қазір тараптардың жарыссөзі жалғасуда.

Прокурор Нұрболат ӘБІЛОВ сотталушыларды 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Кісі өлтіру қылмысы өткен жылдың 8 тамызында болған еді. Бір топ жас жігіт Азамат Қалбағаевты үйінен өтірік желеумен шақырып алып, ауылдың шетіне алып кеткен. Сол жерде олар оны арматурамен аяусыз ұрып-соға бастайды. Дәлірек айтсақ, қан-жоса етіп ұрып, аяқ-қолын, бас сүйегін сындырған. Азаматты жергілікті тұрғындар тауып алып, ауруханаға жеткізгенімен, ол науқастарды қабылдау бөлмесінде көз жұмды.

Айнұр САПАРОВА

7 қыркүйек 2022, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.