№2 қалалық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Бағдат ТӨЛЕУАЛИЕВ хабарлағандай, 25 және 26 қазан күндері қаскүнемдер түнгі уақытта қала маңындағы Ақсай, Ақжар, Талғайран ауылдарында көліктерді бұзып ашып, қосалқы бөлшектерін, негізінен аккумуляторларды алып кеткен. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 2,5 миллион теңге шығын келтірілген.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айнұр САПАРОВА
ПД жолдаған бейнежазба