Атырау, 29 қараша 06:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

46 шенеунік пен полицей Антикордың ұсынысы бойынша жауапқа тартылды

1 018 просмотра

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 46 ұсыныс енгізді. Жауапкершілікке тартылғанның үшеуі жұмыстан шығарылды.

Сондай-ақ, сотталған полицейдің ұжымымен кездесуде Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан ЖАХИН Атырау қалалық полиция басқармасына пара бопсалау туралы қылмыстық іс бойынша енгізілген ұсыныстар туралы хабарлады.

Еске салсақ, 7 қыркүйекте Атырау қалалық №2 соты кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторына параның 30 еселенген сомасы, яғни 3 000 000 теңге айыппұл салған болатын. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Учаскелік полиция қызметкеріне пара алды (ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі) деген айып тағылды.

Сотта анықталғандай, полиция инспекторы азамат С.-дан кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін тиісінше орындамағаны туралы әкімшілік іс бойынша өндірісті тоқтатқаны және істі сотқа жібермегені үшін пара ретінде 100 000 теңге алған. Пара алу барысында оны Антикор қызметкерлері ұстаған.

Атырау қаласы полиция басқармасының басшылары қарамағындағылардың қызметіне бақылаудың болмауына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тартылды

– Жергілікті полиция қызметі бастығының м.а. атқаратын лауазымының толық қызметтік сәйкес еместігі туралы ескертілді, ал ювеналды полиция бөлімшесі бастығының м. а. – аға инспектор лауазымын учаскелік инспекторға дейін төмендетті, - деді Жахин.

9 ай ішінде әкімдіктерге және олардың құрылымдық бөлімшелеріне (19), ішкі істер органдарына (17) және басқа да мемлекеттік құрылымдарға(6) 42 ұсыныс енгізілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

19 қазан 2022, 22:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.