Атырау, 22 желтоқсан 08:07
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Бұйрыққа сай емес

– Компаниялардың біріне жұмысқа орналасқанда үш ай сынақ мерзімімен 1 жылға еңбек келісімшартын жасаған едім. Сынақ мерзімі аяқталған кезде жұмыстан босатылатынымды айтып, маған жұмыстан босату туралы бұйрықпен танысып шығып, қол қоюды сұрады. Неліктен сынақ мерзімінен өтпей қалдым деген сұрағыма жұмыс жасай алмағанымды, басшылық тарапынан ескертулер болғанын ауызша айтты. Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма және не істеймін? Үш ай жұмыс істегенде басшылықтан ешқандай ескерту алған емеспін және еңбек тәртібін бұзған жоқпын. 16 қаңтар 2014, 00:00 3 094 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қиын әрі қауіпті қызмет

- Журналистермен болған кездесуде әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жәнібек ШӘРІПОВ жол-патруль қызметі құрылғаннан кейін көліктерді полицейлер тек ЖПҚ арнайы постыларында ғана тоқтататындығын әлденеше рет мәлімдеген еді. Алайда полицейлердің көліктерді кез келген жерде тоқтатуы жалғасуда... Бұған не себеп? 9 қаңтар 2014, 00:00 3 607 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дәлел болу керек

– Компания басшысы бола тұра, лажсыз жағдайға тап болып отырмын. Компания қызметкерлерінің арасында біліксіз қызметкер бар. Өз жұмысын орындаса, қалай-солай ыждағатсыз атқарады, үнемі тәртіп бұзады. Өткен жылы онымен еңбек келісімшартын бұзған едім, бірақ ол өз құқығын сотта қорғап, қайта жұмысқа алынды. Дегенмен, жұмысқа қайта алынғаннан кейін оның кәсіби қабілеті керемет бола қойған жоқ. Ескерту берілсе, оны елең қылмайды. Бір жағдай бола қалса, қайтадан сотқа шағымданатынын меңзейді. Мұндай бойкүйез адамнан құтылудың еш амалы болмағаны ма? 14 қараша 2013, 00:00 3 169 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кері жол жоқ

– Анамыз қайтыс болғаннан кейін пәтері қалған еді. Біз оны онымен бірге тұрған ініміздің атына ресімдегіміз келеді. Мұны қалай жасауға болады? – 2003 жылы күйеуіме әкесінен мұраға пәтер қалған болатын. Күйеуімнен басқа тағы мұрагерлері болды. Анасы мен әпкесі пәтердің отбасындағы жалғыз ұлға тиесілі болуына қарсы болмай, күйеуімнің пайдасына өз үлестерінен бас тартқан болатын. Енем 2011 жылға дейін  осы пәтерде бізбен бірге, күйеуімнің әпкесі өз отбасымен бөлек тұрды. Содан кейін енем  қызына көшіп баруды ұйғарды. Қазір біз пәтерімізді сатып, жаңа үй алуды немесе салуды шешкен едік. Бірақ күйеуімнің анасы мен әпкесі қарсы болып отыр. Олар өздеріне үлестерін төлеуді талап етіп, сот арқылы мұрадан бас тарту шешімін жоямыз деп қоқан-лоққы танытып отыр. Олар бұлай жасай ала ма? 31 қазан 2013, 00:00 2 395 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салықтар тыныштық пен ашықтықты ұнатады

- Жақын арада шетелде мұнай компаниясына жұмысқа тұрған едім. Келісімшарт бойынша қызметкер өз елінің бүкіл салығын өзі төлейді, компания тек жергілікті салықтарды ғана төлейді. Егер мен шетелде жұмыс жасасам, Қазақстандағы (табыс, зейнетақы) салықтарды төлеуге тиіспін бе? Егер тиіс болсам, қандай салықтар және табыстың қанша пайызы? Менің қорға зейнетақы жарналарын аудармауыма бола ма? Өйткені мен бұл жүйеге сенбеймін. 17 қазан 2013, 00:00 3 063 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Несие шырғалаңы

– 2007 жылы банктердің бірінен 2024 жылға дейінгі мерзімге жер телімі бар тұрғын үй сатып алу үшін 7 млн теңге несие алғанмын. Банкке кепілзат ретінде алып жатқан жер телімі бар тұрғын үйді салдық. Бастапқы кезде несиені кесте бойынша уақытында төлеп тұрдым. Бірақ содан кейін декреттік демалысқа шығуыма және күйеуімнің науқасына байланысты несиені уақытында төлей алмадым. Уақытында төлей алмау себебім туралы банкке жазбаша түрде хабардар еткен едім. Жақында банктің мені сотқа бергендігі туралы хабарлама келді... 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 584 рет қаралды
Әкелер мен балалар Сұрақ-жауап

Әкелер мен балалар

– Мен әйеліммен бір жыл бұрын Махамбет сотында әйелімнің мекен-жайы бойынша ажырастым. Кәмелетке толмаған екі баламды маған тәрбиелеуге қалдырғанын қалаған едім, өйткені әйелім бірге өмір сүрген 6 жыл ішінде балаларға қараған жан емес. Бірақ Махамбет соты менің дәлелдеріме және әрі бірінші некедегі бұрынғы әйелімнен туған қызымды оның ата-анасы тәрбиелеп жатқандығына қарамастан балаларды әйеліме қалдырды. 25 шілде 2013, 00:00 3 441 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұраға қатысты мәселелер

– Мен көптен бері Қазақстаннан тысқары жерде тұрамын және отаныма жылына бір-ақ рет қана келемін. Әкем ертерек қайтыс болған, ал бірнеше ай бұрын анамды жер қойнына тапсырдым. Анамды жерлегеннен кейін пәтер кімге тиесілі болады деген сұрақ туындады, мен отбасындағы жалғыз бала едім. Сөйтсек, анам жиенімнің пайдасына өсиет қалдырған екен. Оны даулауға бола ма? Өйткені анамның мұндай өсиетхат қалдыруы мүмкін емес деп есептеймін. 18 шілде 2013, 00:00 2 713 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ересектерге арналған есеп

– Менде өз қызымды асырап алуға қатысты проблемалар туындады. Жағдай былай: әйеліміз екеуміз ажырасқанбыз, сот шешімімен баланы анасының қамқорлығына қалдырды. Бірақ іс жүзінде қызым менімен бірге тұрады. 2011 жылы анасы қызынан бас тартатындығы және менің асырап алуыма келісімін беретіндігі туралы қолхат жазған еді. Қолхат нотариалды түрде расталған. Сол жылы мен қалалық білім беру бөлімінің қамқоршылық органдарына арызбен шықтым. Ол жердегілер әкімдіктен комиссия жіберуге уәде берді. Содан бері ешкім келген жоқ. Мен бірнеше рет оларға хабарласқан едім, маған «күтіңіз» дейді. 18 шілде 2013, 00:00 2 730 рет қаралды
Электронды ажырасу Сұрақ-жауап

Электронды ажырасу

- Біз жұбайым екеуміз Тараздың тумасымыз, сол жерде үйлендік. Қазір әйелім Алматыда жұмыс жасайды, ал мен жұмысыма байланысты уақытша Атырауда тұрып жатырмын. Екеуміз де Таразда тіркелгенбіз. Отбасылық өміріміз үйлеспеді және мен ажырасуға арыз берейін деп едім. Балаларымыз да, бөлісетін мүлігіміз де жоқ. Ажырасу туралы арызды қайда жазам? Мұны Атыраудан жасай беруге бола ма, әлде Таразға баруым керек пе? 13 маусым 2013, 00:00 11 367 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Заңдағы мүлік

– Мен - Ресей азаматымын. Әкем - Қазақстан азаматы, қайтыс болғаннан кейін пәтері маған мұраға қалды. Оны сыйға бергім келген, бірақ маған Ресей азаматы болғандықтан, Қазақстан азаматына мүлікті сыйлай алмайтындығымды, оны тек сата алатынымды айтты. Осы рас па? 2 мамыр 2013, 00:00 2 180 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Парызыңды ұмытпа!

– Біз ұлым екеуміз марқұм күйеуімнен қалған пәтерге тіркелгенбіз. Пәтер қожайыны – менмін. Ұлым жұмыс жасайды, бірақ пәтер төлемақысын төлемейді. Ұлымды пәтерден есептен шығаруға құқылымын ба және зейнеткерлік жасқа жетпесем де, ол маған көмектесуге міндетті ме? 28 наурыз 2013, 00:00 2 086 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есірткіге жол жоқ!

– Өткен жылдың аяғында облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері облыстағы мейрамханалар мен түнгі клубтарға жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұндай шаралардың мақсаты – есірткіні пайдаланатын немесе сатумен айналысатын тұлғаларды анықтау. Операция айқай-шумен, автоматтармен, «Бүркіт» арнайы жасағы қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Жастар ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды... 28 наурыз 2013, 00:00 3 296 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алдымен төлемнен құтыл

– Мен бас кеңсесі Ресейде орналасқан Атыраудағы фирмаға басшылық еткен едім. Жақында келісімшарт мерзімі аяқталып, жұмыстан босадым. Жұмыс кезінде есепші дер кезінде есептеме тапсырмағандықтан фирмаға және маған айыппұл салынды. Мен өз айыппұлымды төледім. Енді менің бұрынғы жұмыс берушім кәсіпорынға салынған айыппұлды да менің төлеуімді талап етуде. Әйтпесе өткен мерзім үшін еңбекақымды және пайдаланылмаған еңбек демалысымның өтемақысын төлемейміз деп қоқан-лоққы көрсетіп отыр.  Бірақ айыппұл директорға емес, кәсіпорынға салынды ғой. Осы дұрыс па? 7 наурыз 2013, 00:00 1 605 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұрынғыша есептеледі

Интернетте жаңа жылдан бастап алименттер жаңаша есептеледі деп жазылып жүр. Егер бұрын нақты жалақы мөлшерімен есептеген болса, енді ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерімен есептеледі екен. Қазір күйеуіммен ажырасқалы жүрмін. Оның алатын жалақысы – 350 мың теңге. Демек, егер ол бұрын балаға осы соманың 25 пайызын, яғни, шамамен 87 мың теңгені төлер болса, енді 4,5 мың төлемек пе? Оның жалақысына қатысты тағы бір сұрағым бар. Оған ресми түрде 200 мың теңге, ал бейресми тағы 150 мың теңге төлейді. Мен күйеуімнің жұмысынан оның жалақысы туралы анықтама алып, сотқа апарғым келген. Бірақ жұмыс беруші (бұл - оның туған бауыры) маған анықтама берген жоқ. Қалай етуге болады? Маман түсінік берсе екен. 7 наурыз 2013, 00:00 3 038 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есеп бұзылды

- Біз үшін газға ақша төлеу үлкен мәселеге айналды. Біз бұрын ақшаны ХҚО-ның Балықшы бөліміне барып төлейтін едік, бірақ бұл жолы кассирді түстен кейін күттік, ол келмеді. Төлемді Қазпошта да алмай, бізді Алмагүл ықшам ауданына жіберді. Ал онда тұрған кезектің шеті жоқ. Не істеуге болады? 9 қаңтар 2013, 18:58 2 089 рет қаралды
Ажырасу тәртібі Сұрақ-жауап

Ажырасу тәртібі

– Ажырасуды ұйғарған едім, бірақ сотқа қалай арыз жазу керектігін білмеймін. Қандай құжаттар тіркеу керек? Алимент пен мүлікті бөлісуге басқа арыз беру керек пе? Сотта адвокаттарға жүгінуге кеңес берген еді, бірақ олардың қызметтерін төлейтін қаржым жоқ. 26 желтоқсан 2012, 16:59 79 292 рет қаралды
Кешіктіру себеп емес Сұрақ-жауап

Кешіктіру себеп емес

–  2009 жылы мен жүктілігіме байланысты демалысқа шықтым. Бала күту демалысында болғанымда тағы да жүкті болдым. Осыған байланысты мен ақысыз еңбекке жарамсыздық бетшесін рәсімдедім, жұмыс беруші оған қолын қойды. Одан кейін мен баланың жасы 3-ке келгенше бала күту бойынша ақысыз демалыс беру жөнінде арыз жазғанымда күнді шатастырып, оны жарамсыздық бетшесінің мерзімі  аяқталғаннан кейінгі 10 күннен соң  жазыппын. Жұмыс беруші осыны пайдаланып мені жұмыстан шығара ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:00 2 374 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Атамның атын алсам деймін

– Ата-анам менің тегімді бабамның атына жаздырған. Қазір мен оны атамның атына ауыстырғым келеді. Атырау АХАТ бөлімінде маған атамның әкесінің аты көрсетілмегендіктен ауыстырып беруден бас тартты. Бұл ауыстырмауға себеп бола ала ма? 5 желтоқсан 2012, 18:47 2 317 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Нарықтық қатынастар

- Бүгінгі күні мен өз атымдағы тұрғын үйге жатпайтын нысанды 11 айға жалға алуға ұсыныс білдірген алматылық компаниямен келіссөз жүргізудемін. Жалға алу сомасымен келісімге келдік. Білейін дегенім, жалға беру келісім-шартында көрсетілуі тиісті басқа қандай маңызды шаралар бар? Бұл салада менің тәжірибем жоқ. Сондықтан да алдын-ала сақтанғым келеді. Компания тіркеуден Алматыда өткен, Атырауда олардың ешқандай мүлкі жоқ. Олардың тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда қай сотқа шағымдануым керек? 14 қараша 2012, 17:47 2 427 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ата-аналардың құқығы бірдей

– Ажырасқаннан кейін бұрынғы жұбайым екі баланы алып, селода тұратын өз анасының қолына кетті. Ол жерде ешқандай жағдай жоқ. Оның үстіне ол маған балаларыммен кездесуге және демалыс күндері алып кетуіме рұқсат бермей отыр. Оның өзі еш жерде жұмыс жасамайды, тіркелген тұрақты мекен-жайы да жоқ. Мұндай жағдайда әкесі балаларға деген өз құқығын талап ете ала ма? 14 қараша 2012, 18:07 3 320 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қылмысы бойынша жаза қолданылады

– Жақында менің құрбымның баласы тонау кезінде қолға түсті. Қонақ үйдің қауіпсіздік қызметкерлерінің  айтуынша, ол балконның ашық есігі арқылы нөмірге кіріп, бөлме тұрғынының ұйықтап жатқанын пайдаланып, үстел үстінде жатқан әмияннан ақшаны алып, қайтадан балкон арқылы шығып кетуге тырысқан. Ұйқысынан оянып кеткен әйел адам осал болмаған, бірден жігіттің қолына жармасып, айқайлап көмекке шақыра бастаған. Олар қолдасқан күйі дәлізге шығады да, жігіт қалтасындағы ұрлаған ақшаны лақтырып жібереді. Кейін әлгі әйелден құтылғысы келіп, жұдырығымен әйелдің бетінен ұрып жіберген... 7 қараша 2012, 17:40 2 689 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек етпесең, елге өкпелеме

– Менің жұмыссыз жүргеніме бір жылдан асты. Өткен жылы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барғанымда маған осында есепке тұруым керектігін және кейін мені қандай да болмасын бір мамандыққа оқытатындықтарын айтқан еді. 2011 жылдың 11 наурызында мен жұмыссыз ретінде халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барып (тіркелген нөмірім 02116712) тіркелдім. Бірақ, маған бүгінгі күнге дейін жұмыс не қайта оқыту жөнінде бірде-бір ұсыныс келіп түскен жоқ. Бәлкім, менің деректерім жоғалып кеткен болар? Оны қалай тексеруге болады? 24 қазан 2012, 22:46 3 984 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жалақы соттың шешімімен ұсталады

– Біздің мекеменің ішкі тәртібі бойынша қызметкерлер униформа киіп, бейдж тағып жүруі тиіс. Бірде мен бейджді автобуста түсіріп алып, күні бойы жұмыста бейджсіз жүрдім. Сол үшін және жұмысқа кешіккенім үшін жұмыс беруші менің еңбекақымнан 10 000 теңге айыппұл ұстап қалғысы келеді. Осы заңды ма?  19 қыркүйек 2012, 22:42 2 231 рет қаралды
Ақша бірдей жұмсалса, мүлік те ортақ Сұрақ-жауап

Ақша бірдей жұмсалса, мүлік те ортақ

– Күйеуіммен ажырасқым келеді. Біздің екі баламыз бар. Біздер тұрып келген үй күйеуімнің атында, ол бұл үйді менімен некеге тұрғанға дейін алған еді. Бүгінгі күні маған балаларыммен бірге тұратын жер жоқ. Пәтер жалдап жүрмін. Маған бұл үйден үлес тиесілі ме, өйткені 7 жыл бойына бірге тұрған уақытта біз үйдің екінші қабатын салып бітірдік, газ жүргіздік, мен жөндеу жұмыстары үшін несие алдым. 19 қыркүйек 2012, 22:58 3 090 рет қаралды
Көршіден құқай көрсеңіз... Сұрақ-жауап

Көршіден құқай көрсеңіз...

– Жоғарыдағы көршілерімнің пәтерінен су кетіп, үйімді бүлдірді. Өзім зейнеткермін, жөндеуге ақшамыз жоқ, ал көршілеріміз осы жағдайдан кейін менен қашқақтайтын болды. Бәлкім, ПИК көршілерге ықпал етіп немесе үнемі төлеп отыратын «мақсаттық» жарналардың есебінен жөндеу жасатуы тиіс шығар? Мұндай жағдайда заң бойынша қалай әрекет ету керек? 5 қыркүйек 2012, 21:56 2 777 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дәлеліңіз болса шағымданыңыз

- Інім бір жерде көлік жүргізушісі қызметін атқарып жүрді. Былтыр жұмыс іздеп жүргенде, шетелдік мекемелердің біріне түйіндемесін жіберген еді. Енді сол мекеме оны жұмысқа шақырған соң, құжатын жинап, бұрынғы жұмысынан шығып, шақырған жерге келеді. Сөйтсе, ондағылар алмайтын болдық деп, оны кері қайтарған. Бұл жағдайда шетелдік мекемені сотқа беруге бола ма? 8 тамыз 2012, 22:46 1 959 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алдымен айыппұл

– Менің бұрынғы келінім екінші мәрте тұрмысқа шығып, үлкен ұлын – менің немеремді тіптен қараусыз қалдырды. Немерем үйден бірнеше рет қашып кетіпті, ал көршілер оны мас күйде көргендерін айтады. Оның жасы бар болғаны 14-те. Ал менің ақыл-кеңесіме келінім елең етпейді. Бәлкім, мұндай аналар үшін жаза бар шығар? Әрине, ата-аналық құқығынан айыру емес, бірақ ықпалы тиетін жаза болар ма екен? 4 шілде 2012, 17:31 1 804 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ипотеканың азабы

Екінші деңгейлі банктердің бірінің заңгері менің берген сауалыма түсінік берді («Ақ Жайық» » №20, 17. 05. 2012 жыл., «Банктің өз талабы бар»). Заңгер ипотеканы соттан тыс тәртіп бойынша жүзеге асыру сенімді тұлғалар ұйымдастырған кепілдікке салынған мүліктерге саттық өткізу жолымен жүргізуге болатындығын көрсетіп отыр. Бірақ, ол ипотеканы соттан тыс тәртіп бойынша жүзеге асыруда банк құқығының қалай болатындығын және бұл құқықты олар қандай жағдайларда  қолданатындығын айтып отырған жоқ... 13 маусым 2012, 18:23 2 596 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мүдделердің тоғысуы

- Мен жол-көлік оқиғасының жәбірленуші  тарапынан болдым. Сақтандыру компаниясы маған сақтандыру төлемін жол-көлік оқиғасына  кінәлі адамның сақтандыру полисін  алмағанын және оның автокөлікті сенімхатпен жүргізгендігін сылтау етіп төлеуден бас тартып отыр. ЖКО-на кінәлі адамнан материалдық залалды өтеу  жөніндегі талап арызбен мен азаматтық сотқа шағымдандым. Сот ісі сақтандыру компаниясының  заңгерінің сотқа келмеуі салдарынан үнемі кейінге қалдырылып келеді. Бұл жағдайда маған қандай әрекет жасау керек? Тағы бір айта кететін жағдай, заңгер кінәлінің сақтандыру полисін алмағандығына менің құжаттарым қаралуға дайын болған кезде ғана назар аударды. 13 маусым 2012, 18:24 2 148 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Банктің өз талабы бар

Екінші деңгейлі банктер мен кредиторлар арасындағы өзара қарым-қатынас тақырыбындағы радио хабарларының бірінде банктің ипотеканы жүзеге асыру тәртібі туралы әңгіме қозғалды. Меніңше, хабардың негізгі бөлігі «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңына (әрі қарай «Ипотека туралы заң») сай келмейді. Яғни, Қазақстан халқына нақты ақпарат берілген жоқ. 16 мамыр 2012, 21:38 2 346 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Лицензия қайта рәсімделеді

- Лицензия берудің жаңа ережесі бойынша құрылыс компанияларында сейсмоқауіпті аудандарда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге құқық беретін куәліктері болуы тиіс. Бұл талаптар біздің аймақта талап етіле ме? 9 мамыр 2012, 15:58 1 906 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шығынды кім өтейді?

- Мен Махамбет  көшесі, 116 А үйде тұрамын. Қатты жел тұрған кезде үйдің шатырының бір бөлігі  желмен ұшып,  сол маңда тұрған машинаны бүлдірді, көліктің алдыңғы әйнегі толығымен сынып, капотын жырып кетті. Бұл жағдайда келтірілген шығынды кім өтейтіндігін білгім келеді? Біздің үйде ПИК жоқ. 9 мамыр 2012, 15:59 1 935 рет қаралды