Атырау, 29 желтоқсан 16:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Шығынды кім өтейді?

1 841 просмотра

- Мен Махамбет  көшесі, 116 А үйде тұрамын. Қатты жел тұрған кезде үйдің шатырының бір бөлігі  желмен ұшып,  сол маңда тұрған машинаны бүлдірді, көліктің алдыңғы әйнегі толығымен сынып, капотын жырып кетті. Бұл жағдайда келтірілген шығынды кім өтейтіндігін білгім келеді? Біздің үйде ПИК жоқ.

Телефон арқылы

Сауалға  адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ жауап береді:

- Бұл жағдайда жауапкершілікті сот анықтайтын болады. Қалалық сотқа материалдық шығынды өндіріп алу жөнінде азаматтық талап арыз жазуға кеңес беремін. Талап арызға барлық мүмкін деген жауапкерлердің (талап арыз берушінің пікірінше) тізімін көрсетуі тиіс: қалалық әкімдік, ТКШ бөлімі және тағы басқа. Куәгерлердің қатысуымен ТЖ орын алуы жөнінде міндетті түрде акт жасалуы керек, қалалық ІІБ немесе ТЖ қызметкерлерін шын мәнінде машинаны бұзақылар емес,  желмен ұшқан шатырдың бір бөлігінің бүлдіргендігіне куәлік ету үшін шақыртады. Фото немесе бейнематериалдар дайындау керек. Сондай-ақ, ақау ведомосін жасау үшін техникалық қызмет көрсету стансасына да міндетті түрде жолығуы қажет. Барлық осы материалдар дәлелдер ретінде сотта сұратылатын болады.

9 мамыр 2012, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.