Атырау, 8 қыркүйек 04:45
 ашықВ Атырау +21
$ 480.55
€ 533.75
₽ 5.36

Жалақы соттың шешімімен ұсталады

2 041 просмотра

– Біздің мекеменің ішкі тәртібі бойынша қызметкерлер униформа киіп, бейдж тағып жүруі тиіс. Бірде мен бейджді автобуста түсіріп алып, күні бойы жұмыста бейджсіз жүрдім. Сол үшін және жұмысқа кешіккенім үшін жұмыс беруші менің еңбекақымнан 10 000 теңге айыппұл ұстап қалғысы келеді. Осы заңды ма? 

Телефон арқылы

– ҚР Еңбек Кодексінің 71-бабына сәйкес, жұмыс беруші тәртіпсіздік әрекеттер үшін ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және өз бастамасы бойынша еңбек келісім-шартын бұзу шараларын қолдана алады, - дейді заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВА.  -  Ал еңбек тәртібін бұзғаны үшін еңбекақыдан ұстап қалу тек сот шешімі бойынша ғана мүмкін болады (ЕК 137-бабы).

Міндетті түрде «еңбекақы» түсінігіне назар аудару керек, өйткені, кейбір кәсіпорындарда компанияның ішкі саясаты бойынша қарастырылған үстемелер мен сыйақылар (еңбекақының өзгермелі бөлігі) белгіленеді және солардан жұмыс берушінің бастамасы бойынша тәртіп бұзғаны үшін айыппұлдар  ұсталады.

19 қыркүйек 2012, 22:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.