Атырау, 5 қараша 04:43
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Қылмысы бойынша жаза қолданылады

2 542 просмотра

– Жақында менің құрбымның баласы тонау кезінде қолға түсті. Қонақ үйдің қауіпсіздік қызметкерлерінің  айтуынша, ол балконның ашық есігі арқылы нөмірге кіріп, бөлме тұрғынының ұйықтап жатқанын пайдаланып, үстел үстінде жатқан әмияннан ақшаны алып, қайтадан балкон арқылы шығып кетуге тырысқан. Ұйқысынан оянып кеткен әйел адам осал болмаған, бірден жігіттің қолына жармасып, айқайлап көмекке шақыра бастаған. Олар қолдасқан күйі дәлізге шығады да, жігіт қалтасындағы ұрлаған ақшаны лақтырып жібереді. Кейін әлгі әйелден құтылғысы келіп, жұдырығымен әйелдің бетінен ұрып жіберген. Бәрібір ол қашып құтыла алмай, қонақ үйдің қауіпсіздік қызметкерлеріне ұсталып қалады. Тергеуші бұл факт бойынша ҚР ҚК 178-бабы, 2-тармағы бойынша («а,г» тармақшалары, бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына  қауіпті емес күш қолданумен, тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға  не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау) қылмыстық іс қозғап, 3-тен 7 жылға дейін бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Құрбымның жағдайы нашар, оның баласы бұл ұрлықты бірінші үкім жазасын орындап болмай жатып жасап отыр. Қылмыстың осылайша топтастырылуы дұрыс па, соны білейін деп едік?

Телефон арқылы

Сауалға адвокат Бибігүл ТАУПИХОВА жауап береді:

-Егер барлығы да сіздің құрбыңыз айтқандай болса, онда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шiлдедегi N 8 «Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегi iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы» нормативтiк қаулысының 23-тармағында  былай делінген: «Егер зорлықпен күш қолдану әрекеттерi ұрлық (ұрлауға әрекеттену) аяқталған соң, мүлiктi иемдену немесе оны ұстап қалу мақсатында емес, жасырыну және ұсталудан қашу үшiн жасалса және бұл ретте ұрланған мүлiк қылмыс жасалған жерде қалып қойса, бұл тонау немесе қарақшылық ретiнде бағаланбайды.

Осы тармаққа сәйкес, бұл жігіттің әрекетін ҚР ҚК 178-бабы 2-тармағы («а,г» тармақшалары) бойынша Егер ол осы қылмысты бірінші үкім бойынша жазасын аяқтамай жасаған болса,  онда сот ҚР ҚК 60-бабын («Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау») қолданатын болады.

7 қараша 2012, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.