Атырау, 23 қазан 17:35
 дождьВ Атырау +14.9
$ 447.94
€ 502.32
₽ 5.52

Атыраулық футболшы қыздар алғаш рет U13 Қазақстан чемпионы атанды

88 рет қаралды

Атыраудың U13 W қыздар футбол командасы «UMIT LEAGUE» Қазақстан Республикасы чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, команда турнирді бірде-бір жеңіліссіз аяқтап, өңір қыздар футболы тарихында алғаш рет чемпион атанды.

Жарыс 15 мамырда басталып, 12 қазанда аяқталды. Чемпионаттың алғашқы үш туры Ақтау, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында өтті. 

Топтық кезеңде атыраулық футболшылар «Каспийді» 3:0, «Ордабасыны» 2:0, «Қайсарды» 6:0, «Тараз» бен «Тұранды» 5:0 есебімен жеңді. Ал «Ақтөбе» және «Қайрат» командаларымен тең түсті.

Алматыда өткен финалдық кезеңде команда «Қайрат» пен «Елімайды» 2:0, «Астананы» 2:1 есебімен ұтты. Сондай-ақ «Шахтер» және «Ақтөбе» командаларымен 1:1 есебімен тең ойнады.

Чемпионат қорытындысы бойынша атыраулық футболшылар 13 ойын өткізіп, 9 жеңіске жетті, 4 кездесуді тең аяқтады. Қарсыластар қақпасына 32 гол соғып, өз қақпасына небәрі 5 гол жіберді.

Жеке номинациялар бойынша Адина Молбай үздік қақпашы, Анель Нұх үздік ойыншы атанды. Команданың бас бапкері Ақарна Мұхамбетова үздік бапкер номинациясын иеленді.

Команданы Ернар Фазылов пен Ақарна Мұхамбетова жаттықтырады.

Бүгін, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.