Атырау, 23 қазан 17:48
 дождьВ Атырау +14.9
$ 447.94
€ 502.32
₽ 5.52

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

82 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Жылыой ауданы Құлсары қаласының Әл-Фараби көшесінде әлдекім құрылыс жүргізуге алған аумақ қараусыз қалып, қауіпті бола бастады дейді тұрғындар дабыл қағып. 

Айтса айтқандай мектепке жақын орналасқан иесіз жер кімнің иелігінде екені белгісіз. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналар ол жерді кісі бойындай өсімдіктер мен бұталар басып кеткенін айтады. Оның үстіне қаңғыбас иттер топ-топ болып жүретін көрінеді. 

- Мектепке баратын балаларымыз үйге жеткенше қорқып, уайымдеп отыратын болдық. Неге ол жерді қоршап, болмаса жерін тегістеп тастамайды екен? - деп наразылығын білдірді ата-аналар.

Осыған орай аудан әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жер учаскесі кезінде "БатысЭлитГруп" ЖШС-не тиесілі болғанын айтады. ЖШС-нің нысаналы мақсаты - көпқабатты үй салу. Алайда үй салынбаған, жер қараусыз қалған. 

Қазір жер учаскесінің пайдалану мерзімі өтуіне және игерілмеуіне байланысты мемлекет жер қорына қайтарылып, құқығы тоқтатылды. Жер учаскесі қаланың бас Жоспары бойынша ол жерге болашақта  көпқабатты тұрғын үй салынады.

Осылайша, жер мемлекетке қайтарылған, алайда ата-аналар шағымданған мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Әкімдік берген жауапта бұл аумақтың қашан ретке келтірілетіні және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданатыны туралы ештеңе айтылмаған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.