Атырау, 23 қазан 18:10
 дождьВ Атырау +17
$ 447.94
€ 502.32
₽ 5.52

Петропавлда қыздың көліктен секіруіне не себеп болғаны белгілі болды

56 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Петропавл қаласында полиция әлеуметтік желілерде қызды ұрып-соғу туралы қауесеттер тараған жол-көлік оқиғасына қатысты мәліметтерді жариялады.

Оқиға 18 қазан күні кешке қаланың шетінде болған.

Halyqstan басылымының полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, 22 жастағы қыз 69 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан көлікте болған.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде қызды ұрып-соғып, көліктен лақтырып жібергені, ал артында келе жатқан басқа көлік оны басып өткені туралы ақпарат тараған.

Алайда полиция тексеру барысында бұл мәліметтердің расталмағанын хабарлады.

Құқық қорғау органдарының нұсқасы бойынша, қыз танысына қонаққа бару үшін ауылдан Петропавлға келген. Жастар қала ішінде көлікпен серуендеп жүрген кезде ер адам қызды сүймек болған.

Қыз оны итеріп жіберіп, содан кейін көліктің есігін ашып, қозғалыс үстіндегі көліктен секіріп кеткені хабарланды. Ол мұны алдыңғы тістерінің жоқтығынан ұялғанымен түсіндірген.

Осы сәтте жол бойымен келе жатқан Volkswagen көлігі қызды қағып кеткен.

Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілген. Алайда ауруханаға жатқызу қажет болмаған.

Дереккөздің мәліметінше, қыз полицияға арыз жазудан бас тартып, көп ұзамай Петропавлдан кетіп қалған.

Бүгін, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.