Атырау, 22 қараша 10:09
 дождьВ Атырау +6.7
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56

​Атырауда TikTok-та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

610 рет қаралды

14 қазанда кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желідегі тікелей трансляция кезіндегі әңгімесінде бейәдеп сөздер қолданған. 

Осыдан кейін оның анасы бала тәрбиелеу және оның мүддесін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Полициядағылар ата-аналар балалардың мінез-құлқын, соның ішінде интернеттегі әрекеттерін де қадағалауы тиіс екенін ескертті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қазан, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.