Атырау, 23 сәуір 14:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Алдымен айыппұл

1 510 просмотра

– Менің бұрынғы келінім екінші мәрте тұрмысқа шығып, үлкен ұлын – менің немеремді тіптен қараусыз қалдырды. Немерем үйден бірнеше рет қашып кетіпті, ал көршілер оны мас күйде көргендерін айтады. Оның жасы бар болғаны 14-те. Ал менің ақыл-кеңесіме келінім елең етпейді. Бәлкім, мұндай аналар үшін жаза бар шығар? Әрине, ата-аналық құқығынан айыру емес, бірақ ықпалы тиетін жаза болар ма екен?

Телефон арқылы

– Ақырғы шара – ата-ана құқығынан айырудан басқа, ықылассыз ата-аналар үшін заңмен 20 АЕК (1 АЕК  1 618 теңге), яғни, 32 360 теңге мөлшерінде ірі әкімшілік айыппұл қарастырылған, - дейді Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Рамазан КАМЕЛ. – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 111-бабының 2-тармағына сәйкес, егер ата-аналар кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттерiн дәлелдi себептерсiз орындамаса, бұл кәмелетке толмағандардың алкогольдік iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына әкеп соқса, ата-аналарды жазалайды. Жыл басынан бері Атырау мамандандырылған әкімшілік соты осы бап бойынша 10 ата-ананы жазаға тартқан.

4 шілде 2012, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.